AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «ALMA LOVE» фестивалінің гранд-финалы өтт...

Алматыда «ALMA LOVE» фестивалінің гранд-финалы өтті: жастар тазалық, бірлік және жауапкершілік жолында

Барлығы 13.08.2025, 15:23 650 Сұлу
Алматыда «ALMA LOVE» фестивалінің гранд-финалы өтті: жастар тазалық, бірлік және жауапкершілік жолында
Алматы әкімдігі

Қалада Халықаралық жастар күніне арналған «ALMA LOVE» онкүндігі аяқталды. Алматы әкімінің қолдауымен биыл фестиваль жаңа форматта ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы хабарлады.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен гранд-финалға 5 мыңнан астам адам қатысты. Алматылық жастар «Бірлік, тазалық және жауапкершілік» ұраны аясында біріктірді. Фестиваль жастардың азаматтық ұстанымы мен ортақ құндылықтарға беріктігін көрсетті.

Он күн ішінде қала аудандарында, әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен, экологиялық челлендждер, «Jastar Talks» шабыт беретін кездесулер, квесттер, би сайыстары, әлеуметтік жобалар көрмесі және Жайдарман ойындары өтті. Іс-шаралар 30 мыңнан астам адамды қамтыды.

«Биылғы ALMA LOVE онкүндігі жастардың әлеуетін ашуға және шығармашылық идеяларын іске асыруға бағытталған ерекше жоба. 10 күн бойы алматылық жастар түрлі іс-шараларға қатысты. Бір фестиваль аясында мұндай ауқымды жоба алғаш рет қолға алынды. Жастар Алматының дамуы мен жаңаруына серпін беретін күш. Біз олардың бастамаларын әрдайым қолдаймыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Гранд-финалда қала дамуына үлес қосқан жас көшбасшылар мен еріктілерге Алматы әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

«Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл ауқымды шараның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтамын. Алматыны бірге таза ұстайық», – деді «Вирус жобасы» экологиялық бастамасының жетекшісі, ерікті Дулат Нәбиев.

Гала-концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Dosekesh, Нұрболат Қанай, Еркеш Хасен, Yenlik өнер көрсетті. Ал кештің хедлайнері – Қайрат Нұртаc.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жастар күні #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);