AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі...

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Спорт 23.05.2026, 13:12 219 yakiya
Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 23 мамырда Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі ұйымдастырылады. Ауқымды қалалық іс-шара белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын және кешкі велосеруенді ұнататын тұрғындардың басын қоспақ.

Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында өтеді. Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағыты бойынша жүріп өтеді.

Іс-шараға 3000-ға дейін адам қатыспақ. Велошеру аясында ең креативті образ, ең үздік безендірілген велосипед, ең жарқын шлем және өзге де арнайы аталымдар бойынша серіктестердің сыйлығы табысталады. Қатысушылар мен қонақтар үшін неонды жарық элементтері, ойын-сауық бағдарламасы, байқаулар мен түрлі интерактивті белсенділіктер ұйымдастырылады.

Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты – спортты, салауатты өмір салтын және қаладағы белсенді демалыс мәдениетін насихаттау.

Велошеруге байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 23 мамыр сағат 20:00-ден 23:30-ға дейін Төле би көшесі толық жабылады. Ал сағат 21:45-тен 23:00-ге дейін велошеру колоннасының өтуіне байланысты Назарбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі. Көлік қозғалысын толық қалпына келтіру сағат 23:30-ға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#велошеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);