Алматыда әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілеріне арналған дәстүрлі жаңа жылдық іс-шара өтті

  • 18:05, 31 желтоқсан 2025
Алматыда әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілеріне арналған дәстүрлі жаңа жылдық іс-шара өтті Алматы әкімдігі

Оқушылар сарайында «Қазақстандағы балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Алматы қаласының әртүрлі әлеуметтік мекемелерінен келген 400-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында «Мейірім», «Жанұя» балалар орталықтары, SOS балалар ауылы және «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері бар. Жаңа жылдық шырша биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. 

Қазір бұл іс-шара ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жыл сайын асыға күтетін маңызды мерекеге айналды. Өйткені, мұнда концерттік қойылымдар, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, барлық балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның өтуіне Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері де қолдау көрсеткен. 

«Бұл жаңа жылдық шырша – әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Бір-бірімен еркін араласып, шат-шадыман көңіл күйде мерекені атап өтеді», – деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлепбергенова. 

«Мен Жаңа жыл мен Наурызды өте жақсы көремін. Бүгін бәрі қатты ұнады. Әсіресе, үлкен әрі әдемі шырша мен сыйлықтар керемет болды», – деп «Бағанашыл» балалар ауылынан келген Ажар Кенганова әсерін бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47

14:05

12:14

11:48

11:17

10:55

10:13

09:41

09:05

20:41

18:46

18:21

17:50

17:35

17:25

17:20

17:10

17:01