AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Алаштың Абайы» атты ауқымды театрландыры...

Алматыда «Алаштың Абайы» атты ауқымды театрландырылған қойылым өтті

Барлығы 10.08.2025, 17:05 833 Сұлу
Алматыда «Алаштың Абайы» атты ауқымды театрландырылған қойылым өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда тұңғыш рет ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай арнайы әзірленген «Алаштың Абайы» атты театрландырылған-концерттік қойылым көрерменге жол тартты.

Республика сарайының сахнасында қазақ өнерінің майталмандары Абайдың өлмес өлеңдері мен әндерін орындап, сөз, музыка және хореография біртұтас көркем туындыға тоғысты. Бұл әсерлі сахналық көрініске 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Қойылымды Қазақстан театр және кино өнерінің аңызы, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов ашты. Ол Абайдың терең ойлы жырларын оқып, көрерменге сырлы сезім сыйлады. Онымен бірге сахнаға Тұңғышбай Жаманқұлов пен Саят Мерекенов шығып, өнер көрсетті. Бұдан соң «Жаңа ғасыр» театры мен «Салтанат» би ансамблі «Абай–Тоғжан» атты сахналық қойылым ұсынды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев атап өткендей:
«Алматылықтар Абайдың мерейтойына арналған іс-шараларға белсене қатысуда. Бүгін таңертеңнен бастап Абай даңғылында орналасқан ақын ескерткіші маңына шамамен 5 мың адам жиналып, оның аңызға айналған әндерін орындап, гүл шоғын қойды. Сол күні кешке 200-ден астам артист Республика сарайы сахнасында Абай Құнанбайұлына арналған арнайы театрландырылған қойылым көрсетті. Жалпы, қала әкімдігінің бастамасымен мерейтой аясында 120-дан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып жатыр», — деді ол.

Сахнаға ерекше әсер берген көріністердің бірі «Sensitive» би театрының нөмірі болды. Есту қабілеті нашар өнерпаздар жүрек пен қимыл тілі арқылы Абайдың жыр жолдарын жеткізіп, залда отырған әр жанның көңілін толқытты.

Көрермендерді сондай-ақ 100 баладан құралған «Бозторғай» хорының «Біз – Абайдың ұрпағымыз» атты сахналық қойылымы тәнті етті.

Сахна төрінде Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова, Венера Алпысбаева, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері, «Жетігеншілер», «IL CANTO» ансамбльдері және басқа да өнер ұжымдары өнер көрсетті. Көрермендер «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» секілді қазақ мәдениетінің қазынасына айналған шығармаларды тыңдады.

Кештің шарықтау шегінде барлық қатысушы мен хор «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірлесе орындап, мерекенің майлы нүктесін қойды. Мыңдаған көрермен рухани мұраға деген терең алғысты, Абайға деген шексіз құрметті бірге сезінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);