Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 6 жаңа ФОК пен спортшыларды даярлайтын ор...

Алматыда 6 жаңа ФОК пен спортшыларды даярлайтын орталық салынады

Барлығы 15.01.2026, 15:04 414
Алматыда 6 жаңа ФОК пен спортшыларды даярлайтын орталық салынады
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлының қатысуымен кеңейтілген баспасөз конференциясы болып өтті.

Оның айтуынша, 2026 жылы Алматы қаласы Спорт басқармасы спорттық инфрақұрылымды одан әрі нығайтып, спорт нысандары қала тұрғындарына қолжетімді бола түсуі үшін  бар мүмкіндікті қолға алып жатыр.  

Қазір «Шұғыла» мен «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешені мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Тағы екі нысан – «Шұғыла-2» мен «Қарасу» – жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Ақжар» мен «Саялы» ФОК-тары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Жалпы алғанда, 6 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 1935 жылы құрылған Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің орнына жаңа ғимарат салу да жоспарда бар. Аталған нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамадан өткен, құрылыс құны 5,1 млрд теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, қалада жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша толыққанды оқып-жаттығуға мүмкіндік беретін бірыңғай база жетіспейді. Осыған байланысты Абай – Розыбакиев көшесіндегі спорттық-жаттығу кешені базасында спортшыларды кешенді даярлауға арналған осы заманғы спорт орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл орталық жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған үлкен хабқа айналады.

«Аталған бастаманың барлығы спортты жүйелі дамытуға, спортшылар үшін қолайлы жағдай жасап, қала тұрғындарын барынша белсенді өмір салтына тартуға бағытталған», – деп қорытындылады Дархан Нұрханұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #Спорт басқармасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика