AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алма...

Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауы басталды

Мәдени Алматы Бүгін 17:53 49
Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауы басталды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысушылар үш бағыт бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы қолдауымен 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық өнер байқауы өтеді. Байқаудың басты мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін қолдау, өнерін насихаттау және олардың қаланың қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Жоба аясында қатысушылар ән, күй және би өнеріндегі шеберлігін танытып қана қоймай, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Байқауға Алматы қаласында тұратын 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Қатысушылар үш бағыт бойынша өнер көрсетеді:

• Ән (вокал) – эстрадалық, халықтық және академиялық вокал. Байқауға жеке орындаушылар, дуэттер, триолар және шағын шығармашылық топтар қатыса алады.

• Күй (аспаптық өнер) – жеке орындаушылар мен аспаптық ансамбльдер. Домбыра және өзге де музыкалық аспаптарда орындалатын шығармалар қабылданады.

• Би (хореография) – халық биі, қазақ биі, халықтық-стильденген және заманауи би бағыттары.

Әр қатысушы немесе шығармашылық ұжым байқауға бір өнер нөмірін ұсынады. Орындау ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда сахналық уақыт техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұйымдастырушылар тарапынан нақтылануы мүмкін.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 3-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының 8 ауданында өтеді. Аудандық кезеңде қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес өнер көрсетеді. Әр ауданның мәдениет бөлімдері іріктеу кезеңін ұйымдастырып, жеңімпаздарды байқаудың финалдық кезеңіне жолдайды.

Екінші кезеңге аудандық іріктеу турларының жеңімпаздары қатысады. Екінші кезең 2026 жылдың 18 қыркүйек күні «Алатау» дәстүрлі өнер театры сахнасында өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Жүлде қоры:

• I орын – 1 жеңімпазға 3 млн теңге;

• II орын – 1 жеңімпазға 2 млн теңге;

• III орын – 1 жеңімпазға 1 млн теңге;

• Ынталандыру сыйлықтары – 5 жеңімпазға 300 мың теңгеден.

«Алматыны аяла!» байқауы аға буын өкілдерінің шығармашылық белсенділігін арттыруға, олардың өнердегі мол тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба арқылы халық шығармашылығын дәріптеу, ұлттық және мәдени дәстүрлерді сақтау, сондай-ақ оларды заманауи сахна талаптарымен ұштастыру көзделеді.

Байқауға қатысу талаптары мен Ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

БАЙҚАУ КООРДИНАТОРЛАРЫ:

Басты координаторлар:

Нәсіпжан Басшыбай: +7701 367 04 27

Инара Аубакирова: +7707 365 91 39

Аудан координаторлары:

Бостандық ауданы:

+7 707 049 03 03,

Медеу ауданы:

+7 747 326 57 36

+7 702 641 07 04

kultura.medeu@mail.ru

Жетісу ауданы:

+7 747 259 30 08

Түрксіб ауданы:

+7 775 216 55 45

kultura_turksib@mail.ru

Әуезов ауданы:

+7 778 286 88 82

turatauova.ayzhan@mail.ru

Алмалы ауданы:

+7 700 741 45 19

culture.almaly@gmail.com

Алатау ауданы:

+7 708 177 17 40

aniyataidosuly@gmail.com

Наурызбай ауданы:

+7 776 190 21 12

shakhkarim04@inbox.ru

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Эпос арқылы жалғасқан рухани сабақтастық

Бүгін 18:03

Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтеді

Бүгін 17:10

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:50

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты түнде жабылады

Бүгін 16:49

Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде алғашқы қоңырау салтанаты өтті

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);