AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 47 мың гектардан астам аумақта күзгі дера...

Алматыда 47 мың гектардан астам аумақта күзгі дератизация жүргізіледі

Алматы Бүгін 14:57 61
Алматыда 47 мың гектардан астам аумақта күзгі дератизация жүргізіледі

2026 жылы 15 қыркүйек пен 25 қазан аралығында Алматыда кеміргіштерге қарсы күзгі жаппай дәрілеу жүргізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кеміргіштер мекендейтін ашық аумақтарда жалпы көлемі 47 мың гектардан асатын қоғамдық пайдаланудағы жерлер дәріленеді. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Күзгі кезең аясында мамандар жасыл аймақтарды, ашық биотоптарды, кеміргіштердің індерін, арық желілерін, өзендер мен су айдындарының жағалауларын, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларының аумақтарын дәрілейді. Жеке сектор тұрғындарына арнайы жем тегін таратылады. Жеммен бірге оны қауіпсіз әрі дұрыс қолдану тәртібі түсіндіріліп, тиісті нұсқаулық беріледі.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 107-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

Сол себепті жеке аумақтар, жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстарды дәрілеу жұмыстарын олардың иесі жүргізеді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, баспалдақ алаңдары мен аула аумақтарымен қатар, ортақ мүліктегі дератизация жұмыстары ПИК немесе МИБ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға үй-жайлардың иелері мен жалға алушылары жауапты.

Дәрілеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында заңды тұлғаларға, ПИК, МИБ және басқа да жауапты ұйымдарға қарамағындағы ғимараттар, аумақтар мен қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарда дератизация жұмыстарын қалалық іс-шаралармен бірге жүргізу ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрілеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде алғашқы қоңырау салтанаты өтті

Бүгін 16:12

Алматыда бір жылда қайта өңдейтін 700 тонна тоқыма жиналды

Бүгін 16:10

Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 15:06

Алматыдағы экологиялық акцияға қатысқандар 100 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жинап, оны өңдеуге берді

Бүгін 15:05

Қазақстанға Лаос Президенті келді

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);