AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 45 жыл бұрын төселген жылу желілерін ауыс...

Алматыда 45 жыл бұрын төселген жылу желілерін ауыстыру үшін Жамбыл көшесімен қозғалыс шектеледі

Барлығы 14.08.2025, 11:38 717 Сұлу
Алматыда 45 жыл бұрын төселген жылу желілерін ауыстыру үшін Жамбыл көшесімен қозғалыс шектеледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Алмалы ауданында Жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жүргізілуде. Жұмыстардың шеңберінде 1980 жылы пайдалануға берілген ұзақтығы 130 метр жылу трассасы ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 15 тамыздың сағат 23:00 бастап 18 тамыздың сағат 07:00 дейін Жамбыл көшесімен Исаев көшесінен бастап Байғанин көшесіне дейін автокөліктер қозғалысы жабылады. 

Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Осы жылу желісі 2 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. 

Жалпы алғанда, ағымдағы жылы қала бойынша 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Еске саламыз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жабылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);