AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананы қайта жа...

Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары аяқталды

Барлығы 31.12.2025, 11:17 879
Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары аяқталды
сурет: Алматы әкімдігінің баспасөзінен

30 желтоқсанда аурухананың қабылдау бөлімін ауқымды жаңғырту нәтижесі таныстырылды. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым, Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.

Жоба аурухананың инфрақұрылымын жан-жақты жаңарту және медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде арттыру мақсатында іске асырылды. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін қабылдау бөлімі тәулігіне 250 адамнан 450 адамға дейін қабылдай алады. Бұл өз кезегінде науқастардың күту уақытын қысқартып, ем-домды бастау уақытын жеделдетуге мүмкіндік береді.

№4 қалалық клиникалық аурухана — тәулік бойы, жылына 365 күн 24/7 режимінде жұмыс істейтін көпсалалы стационар. Мұнда жыл сайын 12 500-ге дейін ота жасалады, ал қабылдау бөлімі тәулігіне орта есеппен 250–300 пациентке қызмет көрсетеді. Медициналық ұйымдағы қызметкерлер саны — 1 118 адам, оның ішінде 260 дәрігер бар. Аурухананың жобалық қуаты — 385 орын.

Аурухана кешенінің жалпы аумағы 47 мың шаршы метрден асады, оның ішінде 7 мың шаршы метрге жуық бөлігі қайта жаңғыртудан өтті. Жөндеу жұмыстары бес бөлім мен ғимараттың төрт блогында, соның ішінде техникалық қабатта жүргізілді.

Жаңғырту барысында пациенттерді халықаралық triage-сұрыптау жүйесі енгізілді. Адам санын қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлінеді. Бұл ауыр халдегі науқастарға көмекті жедел көрсетуге, отадан кейінгі асқынулар мен өлім-жітімді азайтуға, орын айналымын арттыруға және ауруханада жату мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, құрылыс кезеңінде аурухананың жұмысы тоқтамады. Жобаны жүзеге асыру 2025 жылы наурыз айында басталып, сол жылдың желтоқсанында аяқталды.

Жаңғырту жұмыстарынан кейін ауруханада жаңа операциялық залдар ашылып, 12 төсекке арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапияның шұғыл бөлімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарға жоғары технологиялы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін коронарлық араласулар орталығы жұмысын бастады.

Жобаның жүзеге асырылуы Алматы қаласының медициналық инфрақұрылымын тұрақты дамытуға, өзге денсаулық сақтау мекемелеріне түсетін жүктемені азайтуға және мегаполис тұрғындары үшін жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана #Алматы әкімдігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Кеше 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Кеше 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Кеше 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Кеше 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);