Алматыда 4 автобустың жүріс бағыты өзгереді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы Көлік холдингінің мәліметіне сүйенсек, Манас көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты 5 маусымнан бастап №44, №62, №80 және №123 бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.
№44 бағыт
Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – жолайрық арқылы өту – Мұқанов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: өзгеріссіз.
№62 бағыт
Батыс бағытта: Абай даңғылы – Әуезов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін.
Кері бағытта: өзгеріссіз.
№80 бағыт
Оңтүстік бағытта: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – Атакент аумағындағы бұрылыс (Әуезов көшесі / Тимирязев көшесі) – Әуезов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: өзгеріссіз.
№123 бағыт
Оңтүстік бағытта: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: өзгеріссіз.