AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды

Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды

Алматы Бүгін 17:48 10
Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды
Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданында 280 балаға арналған екі жаңа балабақша ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа нысандар мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, тұрғындарға балаларын үйіне жақын орналасқан балабақшаға орналастыруға мүмкіндік береді.

Әнет баба көшесі, 20 мекенжайында орналасқан №206 бөбекжай-балабақша екі жастан алты жасқа дейінгі 120 балаға арналған. Мұнда тәрбие мен білім беру қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшаның ашылуы шағынаудан тұрғындары көптен күткен оқиға болды. Бұған дейін қаланың бұл бөлігінде мемлекеттік балабақша болмағандықтан, көптеген отбасы балаларын көршілес аудандарға апаруға мәжбүр еді.

Алматы қаласы Әуезов ауданы білім бөлімінің бас маманы Мәншүк Зейтованың айтуынша, жаңа нысанның ашылуы жергілікті тұрғындар үшін үлкен маңызға ие.

«Барлық бала қабылданып қойды. Ертеңнен бастап балабақша жұмысын бастайды. Бұл мекеменің ашылуы шағынаудан тұрғындары үшін ерекше маңызды, өйткені мұнда мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған орындарға сұраныс өте жоғары болды», – деді Мәншүк Зейтова.

Қазіргі таңда Әуезов ауданында шамамен 10 мың орындық 48 мемлекеттік балабақша және 116 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар ауданда тағы бір мемлекеттік мекеме – №205 бөбекжай-балабақша ашылды.

Жаңа балабақшаның басты ерекшелігінің бірі – заманауи материалдық-техникалық база және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану. Алты топтың әрқайсысы интерактивті тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ педагогтер сабақ барысында қолдана алатын мобильді цифрлық құрылғылар бар.

«Заманауи технологияларды қолдану – балабақшамыздың басты ерекшеліктерінің бірі. Ғимарат жаңа, барлық жабдық қазіргі талаптарға сай», – деді №206 бөбекжай-балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Айгүл Ыдырысова.

Балабақшада әрқайсысында 20 баладан алты топ жұмыс істейді. Топтық бөлмелерден бөлек, спорт және музыка залы, психолог пен қазақ тілі кабинеті, сондай-ақ тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына арналған өзге де кеңістік қарастырылған.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті бағдарламаға сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және басқа да шығармашылық сабақтар енгізілген. Мекеме басшылығының пікірінше, балабақша бала күннің көп бөлігін өткізетін орын ғана емес, құрдастарымен қарым-қатынас жасап, коммуникациялық дағдыны дамытып, қоғам өміріне біртіндеп бейімделетін орта болуы тиіс.

Балабақшада 10 тәрбиеші, медицина қызметкері, психолог және екі аспаз жұмысқа кірісті.

Қабылдау басталғаннан кейін көп ұзамай 120 орынның барлығы толықты. Білім күні шағынаудан тұрғыны Хадиша Жақаева немересін жаңа балабақшаға алғашқылардың бірі болып әкелді.

«Осындай жақсы балабақшаның ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұрын балаларды басқа аудандарға апаруға тура келетін, енді балабақша үйіміздің жанында. Бүгін немеремді осында әкелдім. Оған мұнда қызықты әрі жайлы болады деп үміттенемін. Балабақшаның жаңа, әдемі әрі заманауи екені көрініп тұр. Балалар үшін жақсы жағдай жасалған», – деді Хадиша Жақаева.

Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. Алайда кейін жұмыс шамамен екі жылға тоқтатылды. 2025 жылы 28 қарашада ғимарат пайдалануға беріліп, содан кейін балабақшаны тәрбиеленушілерді қабылдауға дайындау жұмыстары басталды.

Салтанатты іс-шараға «Алтын бесік» шағынауданының тұрғындары қатысты. Жаңа нысанның ашылу қуанышына ортақтасып, дәстүрлі шашу рәсімін өткізуге келген Семейхан Құдайбергенова ақ тілегін айтып, батасын берді.

«Біз мұнда балабақша ашылғанын көптен күттік. Бүгін тұрғындардың үміті ақталып, оның ашылуына куә болып отырмыз. Аудан әкімдігіне және жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамыз! Балаларымыздың алғашқы қадамы құтты, болашағы жарқын болсын! Ұжымға жұмыста табыс тілеймін!» – деді шағынаудан тұрғыны.

Жаңа бөбекжай-балабақшаның ашылуы «Алтын бесік» шағынауданы тұрғындарына мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметтерін үйіне жақын жерде алуға мүмкіндік береді. Мұнда балалардың жан-жақты дамуына арналған заманауи әрі жайлы орта қалыптастырылып, дәстүрлі тәрбие-білім беру үдерісі цифрлық технологиялармен толықтырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәуірдің дара тұлғасы

Бүгін 17:44

Абай облысында сотталған азамат некесін қиды

Бүгін 16:06

«Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық челленджі басталады

Бүгін 16:05

Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті

Бүгін 15:24

Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартудың халықаралық арнасын жойды

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);