конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 22 маусымнан бастап тағы бір бағытта жаңа...

Алматыда 22 маусымнан бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі

Барлығы 21.06.2025, 13:43 761 Дина
Алматыда 22 маусымнан бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі
сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту аясында қала автобустары жаңартылып жатыр. «City Bus» жекеменшік автопаркі «Skywell» маркалы электр автобустарын сатып алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Алматы қаласының мобильділік басқармасы мәлімдеді.

Жолаушылар тасымалдауға арналған бұл төмен еденді, кең сыйымдылықты электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Олар дыбыссыз қозғалады, бейнебақылау камералары, кондиционер, USB-қуаттағыш порттары, жүргізушіні бақылау жүйесі және өзге де заманауи жүйелермен жабдықталған.

Жаңа автобустар 2025 жылы 22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша, яғни «Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі» аралығында жолаушы тасымалдай бастайды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жолға шығатын автобустар саны 16-дан 18-ге дейін арттырылмақ.

Айта кетерлігі, 2024 жылы Алматының мобильділік басқармасы 600 газбен жүретін автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусын сатып алған болатын. Бұған қоса, қала ішінде 3 жаңа және  қала маңына 20 бағыт ашылды.

2025 жылы әкімдік тағы 600 газбен жүретін автобус сатып алуды көздеп отыр. Ал жекеменшік тасымалдаушылар тағы 118 электр автобус сатып алуды жоспарлаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Бүгін 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Бүгін 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Бүгін 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);