AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2027 жылдан бастап төмен шығарындылар айм...

Алматыда 2027 жылдан бастап төмен шығарындылар аймағында пиротехника қолдануға тыйым салынады

Алматы Бүгін 16:26 41
Алматыда 2027 жылдан бастап төмен шығарындылар аймағында пиротехника қолдануға тыйым салынады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа талап Алматы қаласының Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 2027 жылы 8 қаңтардан бастап төмен шығарындылар аймағында (LEZ) атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған бірқатар экологиялық талап күшіне енеді. Солардың бірі азаматтық пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салу. Мұны Алматының экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

Жаңа талап Алматы қаласының Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында қарастырылған. Құжаттың 51-тармағына сәйкес, төмен шығарындылар аймағында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды қолдануға тыйым салынады. Бұл шектеу тұрғындар еркін сатып ала алатын петарда, отшашу, салют және басқа да пиротехникалық өнімдерге қатысты болады.

Дегенмен бұл норма Алматының барлық аумағында бірден қолданылады дегенді білдірмейді. Шектеу тек төмен шығарындылар аймағының шекарасы белгіленгеннен кейін сол аумақта күшіне енеді.

LEZ шекарасы Алматы әкімдігінің жеке қаулысымен бекітіледі. Қаулы қабылданып, аймақтың нақты шекарасы белгіленген соң пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қойылатын талап сол аумақта қолданылады. Осылайша, 2027 жылы 8 қаңтардан бастап Қағидалардың тиісті нормасы күшіне енеді, ал оның нақты қолданылуы төмен шығарындылар аймағының шекарасы бекітілуіне байланысты болады.

Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында бұдан бөлек, ауа сапасын жақсартуға бағытталған басқа да экологиялық шаралар қарастырылған. Олар автокөліктерге, қатты және сұйық отынды пайдалануға, сондай-ақ кейбір нысандар мен шығарындылар көздеріне қойылатын талаптарды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Бүгін 16:46

“SOS” дабыл түймесі шұғыл жағдайларда көмекке келеді

Бүгін 16:07

БЖБ мен ТЖБ 5–9-сыныптарда да жойылуы мүмкін

Бүгін 16:05

Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Бүгін 16:01

Алматыда «Бүркітші» dark-триллерінің таныстырылымы өтті

Бүгін 15:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);