AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 2011 жылғы Вена құжаты аясында халықаралы...

Алматыда 2011 жылғы Вена құжаты аясында халықаралық семинар өтті

Барлығы 29.04.2025, 17:00 670 dulatbekova
Алматыда 2011 жылғы Вена құжаты аясында халықаралық семинар өтті
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен, Орталық Азия елдеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссиялары және Венадағы ЕҚЫҰ Хатшылығымен серіктестікте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өткен семинарға қазақстандық әскери қызметшілерден басқа Әзербайжан, Германия, Дания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, БЕНИЛЮКС елдері, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан және Франция қарулы күштерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Семинарда 2011 жылғы Вена құжатының негізгі ережелері, инспекциялық және хабарламалық қызмет пен оларды практикада қолдану талқыланды.

– Мұндай семинарларды өткізу Орталық Азия өңірі елдері арасындағы сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту қағидаттарын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі нысандарының бірі, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров.

Іс-шараға қатысушылар ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшеміне, Вена құжатының ережелерін орындауға, жыл сайын әскери ақпарат алмасуға, ЕҚЫҰ байланыс желісіне, ұйымға мүше елдердің өзара инспекциялық қызметін қамтамасыз етуге қатысты негізгі тақырыптармен танысты.

Вена құжатының ережелеріне сәйкес семинардың практикалық бөлімінде Қонаев қаласындағы 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасын бағалау жөнінде оқу сапары ұйымдастырылды.

Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару-жарақ түрлерін бақылау бойынша елдер арасындағы ынтымақтастық, айқындық және тексеру режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Вена құжаты #2011 жылғы #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);