AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда 17 маусымнан бастап жылу желілерін екі ап...

Алматыда 17 маусымнан бастап жылу желілерін екі апталық сынау басталады

Не? Қайда? Қашан? 12.06.2024, 09:37 983
Алматыда 17 маусымнан бастап жылу желілерін екі апталық сынау басталады
almaty-akshamy.kz

2024 жылы 17-28 маусым аралығында Алматының барлық ауданы аумағында жөндеуден кейін жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізіледі.

Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін, магистральдық және тарату құбырлары тексерілетін кезде қала тұрғындары мен қонақтарына өте мұқият болуға, сақтық шараларын сақтауға кеңес беріледі!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасына қарамастан, су бетіне шығу, жол төсемінің ішінара бұзылуы және т.б. штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. 
Мұндай кезде өз бетіңізше ешқандай әрекет істемеңіз, дереу оқиға орнынан алыстап, оны «Алматы жылу желілері» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Жылу желілерін сынау кестесі:

17 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

17-21 маусым
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары:
Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов;

Бостандық ауданы:
Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев - М.Ганди – Назарбаев; 
Лисянский – Розыбакиев – Жароков - Эксперименттік база – Қожанов - әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы; Орбита шағын ауданы 1,2,3,4 – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы:
Тайманов – Чайкин – Достық – Меңдіқұлов - әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі; 

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары:
Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

18 және 19 маусым
Әуезов, Наурызбай, Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.

19 маусым
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;
Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

20 маусым
Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алты Алаш.

21 маусым
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шәріпов.

20 және 21 маусым
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: 
Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

24 маусым
Наурызбай ауданы:
Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Алмалы және Бостандық аудандары:
Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев.

24-28 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Сәтбаев – Масанчи; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь; 

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналма – Боралдай;

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

25 маусым
Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы.

25 және 26 маусым
Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев.

26 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

26 және 27 маусым
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.

28 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Аталған аумақта тұратын тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды. 
 
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың ақауын анықтау үшін жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!
 
«Алматы жылу желілері» ЖШС

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гидравликалық сынау #Жылу желілері #Алматы жылу желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04

Павлодарда боранда көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген әйел марапат алды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика