AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернат...

Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты ашылды

Білім және ғылым Бүгін 15:34 39
Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты ашылды
Самат Хусаинов

Жаңа кешенде шығармашылық шеберханалар, 220 орындық акт залы және амфитеатр да бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шұғыла шағынауданында орналасқан білім беру мекемесі 340 балаға арналған. Жаңа ғимарат оқушылардың сапалы білім алуына ғана емес, денсаулығын нығайтып, спортпен шұғылданып, шығармашылық қабілетін дамытуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Мектептің ашылу рәсіміне Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мен Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова қатысты. Қонақтар білім ошағының тарихымен, оқу-тәрбие жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және жаңа ғимараттың мүмкіндіктерімен танысты.

Кешеннің жалпы аумағы 17 543 шаршы метр. Мұнда заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті панельдермен жабдықталған 28 оқу кабинеті бар. Сонымен қатар информатика, цифрлық сауаттылық, робототехника, химия, физика және биология пәндеріне арналған арнайы кабинеттер қарастырылған.

Оқушылардың дене шынықтыруына да ерекше көңіл бөлінген. Мектепте спорт залы, бассейн және стадион бар. Экскурсия барысында оқушылар қонақтарға спорттық шеберлігін көрсетті.

Іс-шараның арнайы қонағы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова болды. Ол жас спортшыларды құттықтап, биік белесті бағындырып, жаңа жеңіске ұмтылуға шақырды.

Мектептегі іс-шара шығармашылық өнерпаздардың қойылымдарымен де жалғасты. Акт залында оқушылар «Ыбырай жаққан білім шырағы» атты сахналық қойылым ұсынды. Ал музыка және би үйірмелерінің мүшелері шағын концерттік бағдарлама әзірледі.

Жаңа кешенде шығармашылық шеберханалар, 220 орындық акт залы және амфитеатр да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және Face ID жүйелері орнатылған. Сондай-ақ заманауи асхана жұмыс істейді.

Ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де толықтай бейімделген.

Жаңа ғимараттың ашылуымен мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтаған Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Бүгін баршамыз үшін ерекше әрі қуанышты күн. №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты балаларға есігін айқара ашып, сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл оқушылар білім алып қана қоймай, денсаулығын нығайтып, шығармашылық және спорттық қабілетін шыңдай алатын заманауи білім беру ортасы», – деді ол.

Оның айтуынша, мектеп жаңа оқу жылын заманауи инфрақұрылыммен және оқушылардың жайлы білім алуына қажетті барлық жағдаймен бастап отыр. Ендігі міндет – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, әр баланың қабілетін ашуға жағдай жасау.

«Ұстаздар қауымына еңбегіне жеміс, ал оқушыларымызға сапалы білім, зор денсаулық және биік жетістіктер тілеймін», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Silkway Accelerator бағдарламасының жетінші легі қорытындыланды

Бүгін 15:46

«Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»

Бүгін 15:02

Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды

Бүгін 14:39

Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады

Бүгін 14:33

Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);