AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді техни...

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу тәртібі түсіндірілді

Алматы Бүгін 15:18 44
Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу тәртібі түсіндірілді

2026 жылы 1 қыркүйектен бастап Алматыда автокөліктердің экологиялық нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін техникалық тексеру енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа тетіктің қалай жұмыс істейтіні туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында LEZ жобасының үйлестірушісі Дулат Маратов айтып берді.

Бұл талап бензинмен, газбен және дизель отынымен жүретін автокөліктерге қатысты. Техникалық тексеруден өту автокөлікті кезекті жоспарлы техникалық байқаудан өткізудің міндетті шарты болады.

Бұл ретте Дулат Маратов техникалық байқау мен техникалық тексерудің екі бөлек рәсім екенін атап өтті.

«Міндетті техникалық байқау автокөліктің жалпы жағдайын тексеруге бағытталған. Ал техникалық тексеру тек ҚР СТ 1433-2023 стандартына сәйкес шығарындылар деңгейін өлшеуге арналған. Бензинмен және газбен жүретін автокөліктерден пайдаланылған газдың уыттылығы, ал дизельді көліктерден түтін шығару деңгейі тексеріледі», – деп түсіндірді ол.

Осылайша, техникалық тексеру техникалық байқауды алмастырмайды және оның құрамдас бөлігі болып саналмайды. Алайда жаңа талап күшіне енгеннен кейін экологиялық тексеруден өтпей, кезекті жоспарлы техникалық байқаудан өту мүмкін болмайды.

Автокөлік иелеріне техникалық тексеруден мерзімінен бұрын өтудің қажеті жоқ. Жаңа тәртіп кезекті техникалық байқау мерзімі 2026 жылы 1 қыркүйектен кейін келетін автокөліктерге ғана қолданылады.

Егер автокөлік 1 қыркүйекке дейін техникалық байқаудан өтсе, берілген құжат белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Техникалық байқаудан қайта өтудің немесе техникалық тексеруден алдын ала өтудің қажеті жоқ.

Әдеттегі техникалық байқаудан бұрынғыдай кез келген қолданыстағы техникалық байқау орталығында өтуге болады. Ал шығарындылар деңгейін анықтауға арналған техникалық тексеру сертификатталған жабдықпен қамтылған және бірыңғай жүйеге қосылған аккредиттелген станцияларда ғана жүргізіледі.

Бұл ретте автокөлік иесі аккредиттелген станцияда қалауы бойынша екі рәсімнен де бір жерде өте алады.

Техникалық тексеру жүргізуге рұқсат берілген станциялардың тізімі almaty-parking.kz сайтында жарияланады.

Дулат Маратовтың айтуынша, жаңа тетік Алматы автопаркінің экологиялық жай-күйі туралы объективті дерек алуға мүмкіндік береді және төмен шығарындылар аймағы (LEZ) жұмысының негізгі тетіктерінің біріне айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын енгізудің қандай нәтиже бергенін айтты

Бүгін 15:41

Сарапшы Алматыда автокөліктердің нақты шығарындыларына неге басымдық берілетінін түсіндірді

Бүгін 15:25

Алматы әкімдігінде төмен шығарындылар аймағын (LEZ) енгізу барысы туралы айтылды

Бүгін 15:16

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөлік шығарындыларын жеке тексеру енгізіледі

Бүгін 15:05

Несиені 14 күн ішінде айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі пайда болды

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);