AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 1 қыркүйекке дейін 15 магистральдық көшед...

Алматыда 1 қыркүйекке дейін 15 магистральдық көшеде орташа жөндеу аяқталды

Алматы Бүгін 10:42 32
Алматыда 1 қыркүйекке дейін 15 магистральдық көшеде орташа жөндеу аяқталды
Алматы әкімдігі

Аудандық маңызы бар көшелерге ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда биыл жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 340 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарланған. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 15 магистральдық көшенің учаскелерінде жөндеу аяқталды. Олар – Зенков, Жамақаев, Жетісу, Шемякин, Мәмбетов, Рысқұлбеков, Жанқожа батыр, Ескендіров, Ақан сері, Манас, Ғабдуллин, Жандосов, Орталық, Үшкемпіров көшелері мен Құлжа тасжолының учаскелері.

Жұбанов, Өтеген батыр көшелерінің, сондай-ақ Алтынсарин және Абай даңғылдарының аумақтарында асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді. Алдағы демалыс күндері тығыз қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон қоспасынан жабынның жоғарғы қабаты төселеді. Одан кейін жол таңбасы сызылады.

Орташа жөндеу аясында төсем жол бойында бүкіл ені бойынша жаңартылып, жүргінші жолы мен арық науаларының бүлінген учаскелері жөнделеді.

Аудандық маңызы бар көшелерге ерекше назар аударылып отыр. Биыл Алатау ауданында 99 көше, Әуезов ауданында – 16, Наурызбай ауданында – 19, Бостандық ауданында – 39, Түрксіб ауданында – 21, Жетісу ауданында – 44, Медеу ауданында – 78 және Алмалы ауданында 1 көше орташа жөндеуден өтеді. Бүгінде жұмыстар 70%-ға орындалды, 31 қазанға дейін толық аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы биыл Ақжар, Боралдай және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын жаңа жолдың құрылысын жалғастырып отыр. Бүгінде жұмыстардың 80%-дан астамы аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында 600 орындық жаңа №226 мектеп ашылды

Бүгін 10:38

Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 10:30

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Бүгін 10:18

Тоқаев Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды

Бүгін 10:09

Өткен тәулікте Алматыда 1 835 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 09:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);