AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайты...

«Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайтын байланыс орталығын іске қосты

Алматы Бүгін 16:13 44
«Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайтын байланыс орталығын іске қосты

Жаңа байланыс форматының негізгі міндеті – қала тұрғындарына Алматының дамуы, Бас жоспардың негізгі ережелері және оның нақты аумақтарға ықтимал әсері туралы түсінікті әрі сенімді ақпарат ұсыну, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Бас жоспары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру және қала тұрғындарымен тікелей байланыс орнату мақсатында «Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайтын байланыс орталығын іске қосты.

Тұрғындар байланыс орталығына тікелей хабарласып, Бас жоспарға қатысты сұрақ қоя алады, нақты аумақтар бойынша ақпаратты нақтылап, жылжымайтын мүлік пен жер теліміне қатысты құжаттарға байланысты туындайтын мәселелер жөнінде түсініктеме ала алады.

«Бас жоспар бүкіл қаланың дамуына әсер ететін күрделі қала құрылысы құжаты екенін түсінеміз. Тұрғындармен өткен кездесулерден кейін көптеген алаңдаушылықтың Алматының дамуына қарсылықтан емес, Бас жоспарда нақты не қарастырылғаны және оның белгілі бір аумаққа қалай әсер етуі мүмкін екені туралы түсінікті әрі нақты ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайтынын байқадық», – деді «Алматыбасжоспар» бас директоры Асхат Садуов.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде Бас жоспар туралы қала құрылысы саласында кәсіби білімі жоқ адамдар тарататын ақпарат көп. Соның салдарынан күрделі мәселелер кейде тым қарапайым түрде түсіндіріліп немесе ақпарат бұрмаланып беріледі. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын одан әрі күшейтеді.

«Сондықтан әр адам ресми дереккөзден ақпарат ала алатын тікелей әрі қолжетімді байланыс арнасын құруды маңызды деп санаймыз. Сонымен қатар әр отбасының өзіндік нақты жағдайы болуы мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті байланыс орталығында жалпы түсіндірмелермен қатар, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар бойынша жеке кеңес те беріледі. Біздің міндетіміз – тұрғындарға жағдайын түсінуге, қолындағы құжаттарды анықтауға, қандай мәселелер қосымша рәсімдеуді немесе нақтылауды қажет ететінін білуге және оларды шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіруге көмектесу», – деді Асхат Садуов.

Байланыс орталығының жұмысымен қатар тұрғындармен түсіндіру кездесулері, жеке кеңес және халықтың Бас жоспар мен оның жүзеге асырылуы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған өзге де іс-шаралар өткізіледі.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Алматыбасжоспардың» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында соңғы ақпарат, түсіндірмелер және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жарияланып отырады.

Байланыс орталығы:

WhatsApp: +7 705 653 8357

Instagram: @almaty_genplan

TikTok: @almatygenplan

Threads: @almaty_genplan

«Алматыбасжоспар» тұрғындарды Бас жоспар туралы ақпаратты ресми дереккөздерден алуға және туындаған сұрақтар бойынша тікелей хабарласуға шақырады. Бұл түсінбеушіліктің алдын алуға, таралып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге және әрбір нақты жағдайға қарай түсіндірме алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балалар колониясында кітапқұмар жасөспірім көп

Бүгін 16:52

Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарады

Бүгін 16:42

Эверестке 3 рет шыққан қазақ: шың басында альпинистер бір-бірін неге құттықтамайды?

Бүгін 15:11

Алматының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін 14:26

Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайлов I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін 12:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);