Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 516 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 130 өрескел бұзушылық анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 6;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 1;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 7;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 48;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 44;
* көлік құралын басқару кезінде мобильді телефонды пайдалану – 23.
Сонымен қатар, 11 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.