конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы түркі әлемінің жастарын қарсы алды: халықар...

Алматы түркі әлемінің жастарын қарсы алды: халықаралық кемпинг жұмысын бастады

Алматы 12.06.2026, 16:30 234 yakiya
Алматы түркі әлемінің жастарын қарсы алды: халықаралық кемпинг жұмысын бастады
Алматы әкімдігі

Алматыда «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» жобасы аясында ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының Халықаралық жастар кемпингінің ресми ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кемпинг Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген жас көшбасшыларды, белсенділерді және қоғамдық ұйымдарының өкілдерін бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.

«Алматы – еліміздегі ең ірі жастар орталықтарының бірі. Мұнда білім беру, ғылым, мәдениет және қоғамдық өмір салаларында көптеген жастар бастамасы жүзеге асырылуда. Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар лагерін өткізу биылғы жастар іс-шаралары бағдарламасының жалғасы саналады және түркі әлемі елдерінің өкілдерін бір алаңда тоғыстыруға мүмкіндік береді. Осындай бастамалар жастар арасындағы өзара сенімді нығайтып, мемлекеттеріміз арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров.

Кемпингтің алғашқы күні қатысушылар мәдениетаралық диалог, жастар дипломатиясы және халықаралық ынтымақтастық жайына арналған «Beyond Borders: жастар шекарадан тыс» интерактивті сессиясына қатысты. Сонымен қатар «Hackathon: Youth Solutions Lab» форматында командалық жұмыс ұйымдастырылып, жастар психологиялық қолдау, экология, цифрландыру және қоғамдық даму бағыттары бойынша жобалар мен бастамалар әзірледі.

Бұл бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың инновациялық әлеуетін дамыту, цифрлық технология енгізу және жасанды интеллект саласындағы құзыретті арттыру жөніндегі міндеттерімен үндеседі. Сарапшылардың жетекшілігімен қатысушылар идеясын тәжірибелік жобаларға айналдырып, оларды қоғам игілігі үшін жүзеге асыру жолдарын ұсынды. Хакатон креативті ойлауды, көшбасшылық қасиеттерді және халықаралық командада жұмыс істеу дағдысын дамытуға ықпал етті.

«Алматы Түркі әлемінің жастар астанасы ретінде ашық диалогқа, тәжірибе алмасуға және халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға арналған алаң қалыптастыруды жалғастырып келеді. Бүгін мұнда ортақ тарихи және мәдени тамыры бар, даму мен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылатын талантты әрі бастамашыл жастар жиналды. Бұл лагерь жаңа таныстыққа, бірлескен жобаларға және түркі әлемі жастары арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікке жол ашатын маңызды алаң болады деп сенемін», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Үш күн бойы қатысушыларды тақырыптық форум, сарапшылық сессия, экологиялық бастамалар, жастар жобаларының таныстырылымы және халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды қамтитын мазмұнды білім беру, мәдени және диалог алаңы күтіп тұр.

«Осы халықаралық жастар кемпингінің бір бөлігі болу – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай бастамалар түркі мемлекеттерінің жастарына бір-бірін жақынырақ тануға, тәжірибе алмасуға, пікірлес жандар табуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алматыда өткізген күндеріміз кәсіби және тұлғалық дамуға ғана емес, елдеріміздің жастары арасындағы берік достық пен болашақ ынтымақтастықтың негізін қалауға да ықпал етеді деп сенемін», – деді әзірбайжандық тележүргізуші, журналист әрі жастар ұйымының жетекшісі Фируза Искандарова.

Еске салайық, Алматыға «Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025» мәртебесі берілген. Ал 14 маусым халықаралық бастаманың ресми жабылу рәсімі өтіп, бұл мәртебе келесі қалаға табысталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);