AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы тұрақты әрі теңгерімді дамуға бет алды – са...

Алматы тұрақты әрі теңгерімді дамуға бет алды – сарапшы Бас жоспарды түзету туралы

Барлығы 25.12.2025, 17:09 554 Сұлу
Алматы тұрақты әрі теңгерімді дамуға бет алды – сарапшы Бас жоспарды түзету туралы
Алматы әкімдігі

Алматының Бас жоспарын түзету – мегаполисті жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі. Қаланың өсу қарқыны қала құрылысы шешімдерін уақытылы жаңартуды талап етеді. Алайда түзетулердің басты себебі Мемлекет басшысының таулы аймақтарда құрылыс салуға тыйым салу жөніндегі тапсырмасы болды.

Еліміздің құрметті сәулетшісі Жанат Айтілеудің айтуынша, Бас жоспар бұл қаланың қазіргі ахуалын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге қалалық ортаны ұзақмерзімді реттеудің де құралы.

«Тау бөктерінде құрылыс жүргізуге шектеу қою мегаполистің өсу моделін өзгертіп, қала құрылысы параметрлерін қайта қарауды талап етеді. Бұл аймақ – өмір сапасын айқындайтын табиғи ресурс. Президент тапсырмасы жаңа қала құрылысы саясатының іргетасына айналып отыр. Бас жоспарды қайта қарау қаланың дамуын неғұрлым тұрақты арнаға бұрып, табиғи жүйені сақтау және халық санының бұрынғы болжамдардан асып түсуін ескеру үшін қажет. Бұл түзету білім, медицина, тұрғын үй салаларындағы қажеттілікті нақтылауды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының қабілетін қайта есептеуді қамтиды», – деді сарапшы.

Ол Алматыдағы көлік жүктемесі әлі де басты мәселелердің бірі екенін жеткізді. Сондықтан жаңартылған Бас жоспар қоғамдық көлікті дамытуға, соның ішінде тығыз құрылысы бар немесе рельефке байланысты жолды кеңейту мүмкін емес жерлерде аспалы жол сынды инновациялық шешімдерге ерекше назар аударады.

Сонымен қатар, Бас жоспарды түзету жобасында саябақтардан бастап скверлерге дейін толыққанды жасыл аймақтар желісін қалыптастыру көзделген. Мақсат — халықты жасыл желекпен қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарға (бір адамға кемінде 16 м²) жақындау.

«Бас жоспарды түзету көлік пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, стратегиялық мемлекеттік басымдықтарды іске асыруға, жайлы, қауіпсіз әрі экологиялық қала қалыптастыруға негіз болады. Бұл Алматыны үйлесімді, жасыл әрі заманауи қалаға айналдыру мүмкіндігі. Ең бастысы, бекітілген стратегияны жүйелі түрде жүзеге асыру», – деді Жанат Айтілеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06

Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Бүгін 10:18

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:11

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Кеше 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Кеше 18:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);