AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы техникалық және кәсіптік білім беру саласы...

Алматы техникалық және кәсіптік білім беру саласы Германиямен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде

Білім және ғылым Бүгін 15:26 87 yakiya
Алматы техникалық және кәсіптік білім беру саласы Германиямен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде

Алматы техникалық және кәсіптік білім беру саласы Германиямен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 4–11 мамыр аралығында өткен «Болашақ зертханасы: кәсіптік білім берудегі STEM-оқытуды іске асырудың практикалық аспектілері. Германия моделі» атты тәжірибе алмасу білім беру сапары аясында Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мұқажанованың жетекшілігімен, ТжКБ бөлімінің басшысы Ерік Әбішаевтың және қалалық мемлекеттік колледж директорларының қатысуымен делегация Германияның Саксония-Анхальт жеріндегі жетекші өндірістік кәсіпорындар мен білім беру алаңдарын аралады.

          Білім беру сапарының ұйымдастырушысы — көпсалалы консалтингтік Janser Consult компаниясы. Компания басшысы С. Серебранский сапардың мазмұнды, іскерлік және тәжірибеге бағытталған бағдарламасын қамтамасыз етті.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Janser Consult компаниясының қолдауымен Германияның ірі компанияларының басшыларымен жұмыс кездесулері мен келіссөздер өтті:

🔹 Motor Control Specialists AuCom — жұмсақ іске қосу жүйелері мен өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдік сарапшы;
🔹 Elektro Maschinen Zentrale (EMZ) — жетек жүйелері мен электр қозғалтқыштарының ірі жеткізушілерінің бірі;
🔹 m3messebau — көрме маркетингі және эксклюзивті интерьерлік шешімдер жасау саласындағы танымал көшбасшы;
🔹 Mercedes-Benz Sternauto Magdeburg — Mercedes-Benz автокөліктерін сату және сервистік қызмет көрсету бойынша жетекші орталық;
🔹 KRÖMER GmbH — коммерциялық және өндірістік нысандарға арналған төмен вольтты тарату құрылғылары мен басқару жүйелерінің өндірушісі;
🔹 Sitex — Германиядағы отбасылық кір жуу орындарының ең ірі бірлестігі және тоқыма өндірісі мен сервис қызметтерінің жеткізушісі.

Келіссөздер нәтижесінде Алматы қаласының колледждері мен неміс компаниялары арасында жоғары білікті мамандар даярлау, дуальды білім беруді дамыту және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Тараптар келесі мәселелерге ерекше назар аударды:

✔️ Алматының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне немістің дуальды оқыту моделін енгізу;
✔️ халықаралық озық тәжірибе мен заманауи білім беру технологияларымен алмасу;
✔️ өндірістік практика, тағылымдама және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру;
✔️ халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
✔️ колледждердің білім беру процесіне STEM-тәсілдері мен инновациялық шешімдерді енгізу.

Неміс өндірістік компаниялары инвестициялар аясында қаладағы мемлекеттік колледждерге заманауи технологиялық жабдықтар мен қызмет көрсетілетін техникалардың үлгілерін ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.

Алматы электрмеханикалық колледжінің 2-курс студенттерінің өндірістік тәжірибеден сәтті өту тәжірибесі ерекше атап өтілді. Олар биылғы жылдың наурыз айынан бастап KRÖMER GmbH компаниясында «электромонтаждаушы» мамандығы бойынша үш айлық тәжірибеден өтуде.

А.К. Мұқажанова студенттермен жұмыс орындарында жеке кездесіп, еңбек ету және тұру жағдайларымен танысты, сондай-ақ практикалық даярлықтың барысы жөнінде әңгімелесті. Неміс тарапы студенттердің жайлы тұруына, кәсіби дамуына және бейімделуіне барлық қажетті жағдайларды жасаған.

KRÖMER GmbH компаниясының басшылығы кадрларды бірлесіп даярлау аясында Janser Consult әзірлеген жобаны одан әрі кеңейтуге және ауқымын ұлғайтуға дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта Германияда осындай өндірістік тәжірибеден өту үшін колледждің тағы 18 студентін қабылдау жоспарланған.

«Германияның жетекші кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту Алматы колледждері үшін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға ықпал етеді және студенттерге заманауи технологияларды меңгеруге, озық жабдықтармен жұмыс істеуге әрі халықаралық деңгейде сұранысқа ие құзыреттерді игеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сергей Серебранский.

Ол сондай-ақ қазақстандық студенттердің Германиядағы тәжірибе барысында кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, тәртіптілігін және үздіксіз дамуға деген ұмтылысын көрсетіп отырғанын айтты. Неміс серіктестері студенттердің жауапкершілігіне, еңбекқорлығына, өндірістік процестерге тез бейімделуіне, корпоративтік мәдениетке құрметпен қарауына және халықаралық командада тиімді жұмыс істей алуына ерекше назар аударуда. Алынған тәжірибе жас мамандардың әлемдік деңгейдегі практикалық дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін, техникалық сауаттылығын дамытуға және заманауи жоғары технологиялық өндірістер жағдайында жұмыс істеуге дайындығын арттыруға ықпал етеді.

Білім беру сапарының қорытындысы бойынша Janser Consult компаниясының басшысы Сергей Серебранский барлық қатысушыларға Германиядағы Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті базасында халықаралық сертификаттар табыстады.

Бүгінде Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті қолданбалы зерттеулер саласы бойынша Германияның ТОП-10 үздік университеттерінің қатарына кіреді, UI GreenMetric әлемдік рейтингінде 169-орынды иеленеді және әлемнің 100-ден астам елінен келген 7 000-нан астам студентке білім береді. Университет заманауи зертханаларымен, тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларымен және Германияның жетекші өндірістік компанияларымен тығыз ынтымақтастығымен танымал. Бұл студенттерге тағылымдамадан өтуге және кәсіби өсуге кең мүмкіндіктер береді.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мамандар даярлау сапасын арттырудың, адами капиталды дамытудың және Алматы қаласының білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың маңызды қадамына айналуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 15:51

Қазақстанда риелторлардың бірыңғай реестрін құрмақ

Бүгін 14:09

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Бүгін 13:06

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Бүгін 12:40

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);