конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы тауларында екі турист құтқарылды

Алматы тауларында екі турист құтқарылды

Оқиға 10.05.2023, 03:30 1,442
Алматы тауларында екі турист құтқарылды
Сурет: Ашық дереккөз

Ес-түссіз күйде эпилепсиялық ұстама болған


Алматы тауларында екі турист құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство мәліметінше, кеше Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауы тауларының шатқалдарындағы таулы өзендер бойымен рейдтер жүргізген.



«Рейд кезінде сағат 17.27-де құтқарушыларға көмек сұрап мопед мінген турист келді. Оның досы отбасымен демалып отырған жерінде, кенеттен ауырып қалыпты. Құтқарушылар аталған орынға жедел жетіп, ер адам жерде ес-түссіз күйде эпилепсиялық ұстама болып жатқанын көрген. Құтқарушы - медик Евгений Мұстафин жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Құтқарушылар 38 жастағы ер адамды өзіне-өзі келгеннен кейін, РЖҚЖ жедел көлігіне отырғызып, қалаға дейін алып барып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем көлігі тауға көтеріле алмады», - делінген хабарламада.



Екінші құтқару оқиғасы Кіші Алматы өзенінің шатқалына жасалған рейд кезінде болған.


Сағат 18.30-да құтқарушыларға туристтің жарақат алуының куәгері болған адам жүгінген. Зардап шеккен адамның айтуынша, ол аяғының саусағын сындырып алғандықтан, өздігінен жүре алмаған. ТЖМ қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зақымдалған аяқ бөлігін бекітіп, таңғышпен таңды. 


Содан кейін альпинистік арқандардың көмегімен әйелді "Лесничество" жартасынан, таудың етегіне апарып туыстарына тапсырды. Олар жедел жәрдем шақырудан бас тартып, ауруханаға өздері баруға шешім қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау #құтқару #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Кеше 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Кеше 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Кеше 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);