конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көш...

Алматы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшбасшы мәртебесін сақтап келеді

Алматы Бүгін 11:19 46
Алматы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшбасшы мәртебесін сақтап келеді

Алматы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері бойынша да еліміздегі жетекші өңірлердің бірі болып қала береді. Бүгінде мегаполис шағын және орта кәсіпкерлік өнімін өндіру көлемі бойынша елімізде көш бастап келеді. Сонымен қатар сауда саласын дамыту және бизнесті қолдау шараларын іске асыру бағытында да бірінші орында тұр.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада 362 345 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 306,2 млрд теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсті.

Кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі дамыту мақсатында Алматыда бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары іске асырылып жатыр. 2026 жылы жергілікті бюджеттен кәсіпкерлерді субсидиялау мен жеңілдетілген несиелеуге 26 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 304 жобаға қолдау көрсетіліп, жалпы сомасы 46 млрд теңгенің несиесі берілді.

Қала экономикасының дамуына сауда саласы да қомақты үлес қосып келеді. Алматы республика бойынша сауда саласында да көш бастап тұр. Қала республикадағы жалпы сауда көлемінің 34%-ын қамтамасыз етеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында сауда айналымы 12,3 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артты.

Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттарының бірі – шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту. Бұл тетік кәсіпкерлерге заманауи өндірістік инфрақұрылымға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Алматыда жалпы құны 53,1 млрд теңге болатын 70 шағын өнеркәсіптік парк жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 6 874 жаңа жұмыс орны құрылып, өндірістік мақсаттағы 430 мың шаршы метрден астам алаң пайдалануға беріледі.

Жаңа форматтағы өнеркәсіптік парктерде өндірістік цехтармен қатар кеңсе, көрме және сервистік аймақтар орналасады. Бұл машина жасау, тамақ, жиһаз, химия және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының дамуына серпін береді.

Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау мен өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бұл жобалар Алматының инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, экономиканың тұрақты өсуіне жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің үздік цирк артистері Алматы манежінде: IV Almaty Circus Festival жеңімпаздары анықталды

Бүгін 10:13

Алматының Жетісу ауданында 8 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып жатыр

Бүгін 09:31

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Кеше 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);