AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы Қытайдың ең ірі туристік алаңында: қала Бей...

Алматы Қытайдың ең ірі туристік алаңында: қала Бейжіңде туристік әлеуетін таныстырады

Мәдениет 01.09.2026, 12:27 256
Алматы Қытайдың ең ірі туристік алаңында: қала Бейжіңде туристік әлеуетін таныстырады
Алматы әкімдігі

Бүгінде Федерация құрамында 89 ел мен өңірден 269 қатысушы бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 8-11 қыркүйек аралығында Алматы Пекинде өтетін Туризм саласындағы ынтымақтастық пен даму жөніндегі дүниежүзілік конференцияға (World Conference on Tourism Cooperation and Development) қатысады. Халықаралық іс-шара Shougang Park аумағында Қызметтер саудасының халықаралық көрмесі (China International Fair for Trade in Services, CIFTIS) аясындағы іскерлік бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен туризм саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдері мен сарапшылар қатысады. Халықаралық күн тәртібінде қалалық туризмді дамыту, ынтымақтастықтың жаңа үлгілері, туристік экономика және қалаларды жаһандық туристік орталықтарға айналдыру мәселелері талқыланады.

Іс-шараның негізгі бөліктерінің бірі – туристік қалалардың даму үрдістері мен мүмкіндіктеріне арналған World Tourism Cities Development Report (2025-2026) халықаралық баяндамасының таныстырылымы.

Мегаполистен тау шыңдарына дейін – біртұтас туристік бағыт

Халықаралық алаңда Алматы заманауи мегаполистің мүмкіндіктері мен таулы аймақтардың табиғи әлеуетін бір арнаға тоғыстыратын туристік өнімін таныстырады.

Қала мәдениет, гастрономия, тарих, оқиғалы туризм мен заманауи инфрақұрылымды ұсына отырып, қысқа уақыт ішінде тауға шығуға, табиғи бағыттармен саяхаттауға немесе тау курорттарына баруға мүмкіндік береді. Қалалық және табиғи туризмді осылайша ұштастыру – Алматының халықаралық туристік нарықтағы басты артықшылықтарының бірі.

«Алматы халықаралық туристік бағыт ретіндегі позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Бейжіңдегі WTCF конференциясына қатысу қаланы кәсіби туристік ортаға таныстырып, халықаралық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз үшін Қытай нарығының маңызы ерекше. Қытай – шетелдегі басым бағыттардың бірі. Сондықтан қытайлық туристік компаниялармен, ұйымдармен және қалалармен тікелей байланыс орнату Алматыға келетін туристер санын одан әрі арттыру және қаланы ілгерілету үшін маңызды», – деп атап өтті Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері.

89 ел мен өңірден 269 қатысушы

Алматы – туристік қалалар мен туризм саласының өкілдерін біріктіретін халықаралық платформа – World Tourism Cities Federation (WTCF) мүшесі. Бүгінде Федерация құрамында 89 ел мен өңірден 269 қатысушы бар.

Алматының WTCF-пен ынтымақтастығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2024 жылы қала CIFTIS аясында туристік мүмкіндіктерін таныстыру үшін жеке алаң алған Федерацияның 10 мүшесінің қатарына енді.

2025 жылы Алматы WTCF ұйымдастырған «See a Different World» халықаралық сессиясында өзінің туристік әлеуетін таныстырып, кәсіби аудитория арасында қаланы ілгерілету жұмысын жалғастырды.

Басты назар – Қытай нарығында

Бейжіңдегі конференция Алматы мен Қытай арасындағы туристік байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін алаңға айналады. Іс-шара барысында қала қытайлық туристік бизнес өкілдерімен байланыс орнатуға, жаңа серіктестер іздеуге және Алматыны Орталық Азиядағы саяхатқа қолайлы бағыт ретінде ілгерілетуге басымдық береді.

WTCF-ке қатысу Алматының халықаралық деңгейдегі жүйелі жұмысын жалғастырып, Қытай нарығында қаланың танымалдығын арттыруға және Алматыға келетін туристер санын көбейтуге жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);