Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Qatar Travel Mart 2025 көрмесінде туристік...

Алматы Qatar Travel Mart 2025 көрмесінде туристік әлеуетін сәтті таныстырды

Барлығы 02.12.2025, 12:00 279
Алматы Qatar Travel Mart 2025 көрмесінде туристік әлеуетін сәтті таныстырды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы Доха қаласында (Катар мемлекеті) өткен өңірдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі - Qatar Travel Mart 2025 көрмесіне қатысуын аяқтады. 

Іс-шараға 60-тан астам елден туризм индустриясының кәсіби өкілдері қатысты. Көрме халықаралық байланысты нығайтуға, қаланың туристік әлеуетін кеңінен таныстыруға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

Алматы төрт маусым бойы саяхаттауға қолайлы бағыт ретінде ұсынылды: тұмса табиғат, белсенді демалысқа арналған заманауи мүмкіндік, wellness-бағыттар, гастрономиялық ұсыныстар және іскерлік іс-шараларға арналған дамыған инфрақұрылым кеңінен көрсетілді.

Көрме аясында Алматы делегациясы B2B форматында 150-ден астам келіссөз жүргізді. Соның нәтижесінде өңірдің жетекші туроператорлары және әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастық жөнінде алдын ала уағдаластық жасалды. Келіссөз қорытындысы бойынша 36 келісімге қол қойылып, олардың жүзеге асуы Алматыға түрлі елдерден 5 000-нан астам турист тартуға мүмкіндік береді.

«Бұл өңірден келетін туристер үшін ең басты қызығушылық – табиғат. Алматы тауы, көлі, жасыл саябақтары және жазғы салқын климаты арқылы осы талапқа толық сай келеді. Араб елдерінен қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз және оны одан әрі күшейтуге ниеттіміз», - деді Алматы қаласының Туризм басқармасы Туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбіхан.

Көрмедегі бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде роуд-шоу ұйымдастырылды. Қазақстанның бес туроператоры Парсы шығанағы нарығына арналған туристік өнімдерін таныстырды. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Дохадағы Бас консулдығының өкілі құттықтау сөз сөйледі. Роуд-шоуға Орталық Азия елдерінің елшіліктері, жергілікті туристік компаниялар, БАҚ және серіктес ұйымдардан 130-дан астам қонақ қатысты. Бұл кездесу форматы әлеуетті клиенттермен тікелей байланыс орнатуға және Алматының туристік мүмкіндіктеріне қызығушылықты арттыруға жағдай жасады.

QTM 2025 көрмесіне қатысу Алматы қаласын шетелдік нарықтарда ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі болды. Келесі кезеңде серіктестік байланысты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және Парсы шығанағы елдерінің туристері арасында Алматыны жайлы, қауіпсіз әрі табиғи тартымды бағыт ретінде тұрақты қызығушылықты қалыптастыру жұмысы жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Qatar Travel Mart 2025 #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Кеше 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі