Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы қаласының кәсіпкерлері қала тұрғындарын екп...

Алматы қаласының кәсіпкерлері қала тұрғындарын екпе алуға шақырды

Медицина 11.06.2021, 11:05 2,022
Алматы қаласының кәсіпкерлері қала тұрғындарын екпе алуға шақырды
Сурет: Gazeta.ru

Алматылық кәсіпкерлер өз қызметкерлеріне жақсы жағдай жасап, еңбекақысын төлеп, шығынсыз жұмыс істеуді қалайды. 


Алматыда ақпан айынан бастап медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мұғалімдер вакцина алуды бастады. Сәуір айынан бастап барлығы коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


КВИ індетіне қарсы күресте кәсіпорын ұжымдарына, әсіресе, сауда және қызмет көрсету салаларына вакцина алу маңызды. Емханаларда құрылған мобильді бригадалар барлық нысандағы ұйымдарға вакцина алуға барады. Алматыда 72 ірі өнеркәсіп пен өндірістік кәсіпорын бар.


Алматының «Нефрос Азия» және Future Trade Company кәсіпорындарында тиісінше 70% және 95% ұжым екпе алды. Компания қызметкерлерінің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина өзін және басқаларды қорғауға мүмкіндік береді. Алғашқы болып басшылар екпе алды.


«Нефрос Азия» ЖШС өңірлік директоры Жұлдыз Нұрсейітова Қазақстан бойынша медициналық холдингтің 45 филиалы бар екенін айтты. Бұл гемодиализ орталықтары, олардың жұмысы науқастар үшін маңызды.


Ж. Нұрсейітова вакцинаның екі компонентін сәуір айында алды, сол уақытта көптеген медициналық білімі бар мамандар қауіпті вирусқа қарсы екпе алған. Бүгінде барлық өңірде 1000-ға жуық қызметкер екпе алды, бұл ұжымның 70%-ын құрайды.



«Бүгінде басқа қызметкерлер күн сайын 2-3 адамнан екпе алуда. Қызметкерлер ерікті түрде вакцина салдыруда. Олар емханада тұрғылықты жері бойынша вакцина алады. Вакцина жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі деп сенемін. Біздің орталықтарда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуда, әлеуметтік қашықтық, бетперде режимі сақталуда, бірақ бәрібір үйреншікті өмір салтына оралғым келеді, бұл жағдайға вакцина алу көмектеседі»,– деп ойымен бөлісті Жұлдыз Нұрсейітова. 



Аймақтық директор қызметкерлермен, науқастармен жеке сөйлесетінін, коронавирустан қорғану қажеттілігі туралы және вакцина салдыру маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізетінін айтты. 


FUTURE TRADE COMPANY ЖШС өз қызметкерлеріне вакцина алу туралы айтты. Кәсіпкер Дәулет Шәкиев бүгінде жартылай «қашықта» жұмыс істейтінін хабарлады. Алайда, олар жұмысты әдеттегідей жалғастырғысы келеді, сондықтан олар ұжым болып екпе алады. Олардың компаниясы мегаполистегі азық-түліктің негізгі дистрибьюторы, сондықтан «оффлайн» режимінде жұмыс істеу  қиын.



«Менің ойымша, біздің ұжымда 95%-ы вакцина алды. Қазір оффлайн режимде жұмыс істейтіндердің барлығы - вакцина алған немесе ауырып қалған қызметкерлер. Сондай-ақ антиденелердің болуы туралы анықтама бар.  Мен вакцинаның бірінші компонентін алдым, жанама әсерлер болған жоқ, тек әлсіздік бар. Бүгін немесе ертең вакцинаның екінші компонентін алуға барамын. Бұл індетпен күрестегі жалғыз құрал деп ойлаймын», - дейді Дәулет Шакиев. 



Дәулет Шакиевтің айтуынша, өткен жылы бизнес үлкен шығынға ұшырады, қазір олар реанимацияланды, бірақ ауру қайта өршісе, қалпына келтіру қиын болады. Сондықтан кәсіпкер үшін «ұжымдық иммунитетті» құру маңызды.


«Мен ешкімді мәжбүрлемеймін, бірақ аурудың өте ауыр екенін білген дұрыс. Әр адам басқалар үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс», – деп жалғастырды Дәулет Шәкиев. 


Еске салсақ, бұған дейін оңтүстік астананың кәсіпорындарында «Алматы электр қалқаны зауыты» ЖШС, «Хюндай Транс» ЖШС, «КСМ Техновид» ЖШС, «Масло-дел» ЖШС, 2-ЖЭО қызметкерлері ұжымдық түрде вакцина алды. Оларға медициналық бригадалар барды. 


«Қағанат» асханалар желісінің басшысы Шынар Бұғымбаева вакцина алудың маңызы туралы бірнеше рет айтты, ол өзінің 1500 адамнан асатын ұжымына вакцинаның  өте тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 


Жалпы, алматылық кәсіпкерлер өз қызметкерлеріне жақсы жағдай жасап, еңбекақысын төлеп, шығынсыз жұмыс істеуді қалайды.


Күн сайын 208 екпе пунктінің кез келгеніне барып, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болады.


Осы жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша, 29 671 адам вакциналанды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді.  Құрамында 1 257 адам бар 304 екпе бригадасы  жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Казахстан #колонии #закрытие #осужденные #Алматы #вакцина #кәсіпкер #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика