AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа...

Алматы қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа заманауи кітапхана ашылды

Барлығы 16.12.2025, 17:27 447
Алматы қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа заманауи кітапхана ашылды
сурет: Алматы әкімдігі

Кітапхана дәстүрлі кітап мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыра отырып, қала тұрғындарына арналған көпфункционалды мәдени әрі білім беру алаңы ретінде жобаланған. Жаңа кітапхананың ашылу салтанатына  Алматы қаласының тұрғындарымен қатар қала басшылығы, белгілі ғалымдар, бірқатар жазушылар қатысты. 

Кітапхананың бай кітап қоры мен дамыған материалдық-техникалық базасы әртүрлі жастағы және қызығушылығы сан алуан оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік зал, жеке жұмыс істеуге арналған тыныш оқу аймақтары, топтық кездесулер мен шығармашылық жобаларға арналған кеңістіктер жабдықталған.

Сонымен қатар, мұнда оқырмандардың жайлы әрі тиімді уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған ірі қаріптегі және арнайы форматтағы әдебиеттер қоры жинақталған.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жаңа кітапхананың қала өміріндегі маңызын атап өтті: 

«Кітапхана – қаланың рухани тынысын айқындайтын орын. Біз өз тарапымыздан қала тұрғындарына жаңа білім нәрін сусындауға, жан-жақты дамуына жағдай жасап отырмыз. Бұл кітапхана – тек кітап оқитын орын ғана емес, ой мен идея тоғысатын заманауи мәдени орталық», – деді Абзал Нүкенұлы.

Кітапхананың ерекше жобаларының бірі – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуғадеген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқы – ойна!» жобасы. Осы жоба аясындабалалар аймағында PlayStation 5 орнатылып, ойын мен оқуды үйлестіретін жаңа формат ұсынылған. Бұл бастама балаларды кітапхана кеңістігіне қызықтыруға және олардың оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты жиында әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қансейіт Абдезұлы да өз пікірін білдіріп, кітапхананың тәрбиелік және мәденимаңызына тоқталды:

«Кітапхана – болашақ оқырмандытәрбиелейтін маңызды мәдени орта. Мұндайзаманауи әрі толық қолжетімді кеңістіктіңашылуы жастарды кітапқа жақындатып, оқырман мәдениетін жаңа деңгейге көтереді», – деді Қансейіт Абдезұлы.

Бұл бастама Алматы қаласының мәдени инфрақұрылымын дамытуға, оқырман мәдениетін жаңғыртуға және ұлттың рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.


Қалалық жаңа кітапхана Розыбакиев көшесі 247-үй, 7- блок мекен-жайында орналасқан және қала тұрғындары мен қонақтары үшін күнделікті сағат 08:30-20:00 уақыт аралығында демалыссыз жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика