Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласында Білім басқармасының 2024–2025 оқу...

Алматы қаласында Білім басқармасының 2024–2025 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылды

Барлығы 22.06.2025, 12:44 854
Алматы қаласында Білім басқармасының 2024–2025 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылды
сурет: Алматы қаласы білім басқармасы

Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Алматы қаласы Білім басқармасының алқа отырысы өтті. Алқа отырысы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтің төрағалығымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алқа жұмысына орта білім беру ұйымдарының, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Психологиялық қолдау орталығы, Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Алматы қаласы Білім басқармасының орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова білім сапасы бойынша қорытынды есеппен таныстырды.

Педагогтердің біліктілігін арттыру, кадрларды даярлау бойынша ҚБЖТҒӘО директорының міндетін уақытша атқарушы Сандуғаш Атейбек баяндама жасады.

Оқушылардың спорттағы негізгі жетістіктерін Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының басшысы Бахтияр Елемесов ұсынды.

Психологиялық қолдау орталығының директоры Венера Қоқанова кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг, зорлық-зомбылық, суицид, өзіне-өзі зиян келтірудің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын таныстырды.

Алқа отырысында «Мақсатты мектептер» жобасы аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Shoqan Academy-де мұғалімдерді қайта даярлау курстарында педагогтердің біліктілігін арттыру нәтижелері айтылды.

Сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарында орын тапшылығын азайту мен жағдайды жақсарту бағытында оң өзгерістердің бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, қосымша құрылыс жүргізу, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді түрде қолға алынған, жаңа заманауи мектептерді жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда.

Жылыту маусымына дайындықты уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы мектеп директорларына 20 тамызға дейін дайындық актілерін өткізуді тапсырды.

Алқа отырысы барысында Білім басқармасының басшысы білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Сайран Сайфеденов оқушылардың үлгерімін арттыруға үнемі назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мектепті аяқтағаннан кейін де оқушылармен байланыста болып, олардың жоғары оқу орындарына түсуі мен болашақта жұмысқа орналасуына жағдай жасау маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ, Алматы қаласы оқушыларының жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналар тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары аясында мониторинг жүргізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім басқармасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика