конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұлан...

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты

Алматы Кеше 12:39 105 Сұлу
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты
Ұлттық ұлан

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен 5571 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулыларын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қарсы алып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Сапар барысында генерал-майор Сәкентай Шекарбеков әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасы, әлеуметтік инфрақұрылымы, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан құрылыс және жаңғырту жұмыстары туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттерге тоқталды.

Одан кейін депутаттар казармалық қорды, асхананы, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды, материалдық-техникалық базаны және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Халық қалаулылары құрылыс жұмыстарының сапасы мен нысандардың пайдалануға дайындығына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің қызмет өткеруі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсарту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша инженерлік жүйелерді толық іске қосу, сондай-ақ казармалық үй-жайлар мен санитарлық-тұрмыстық тораптарды белгіленген талаптарға толық сәйкестендіру бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат депутаттары #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Кеше 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Кеше 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Кеше 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Кеше 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Кеше 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);