AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ме...

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов медиахолдинг жұмысымен танысты

Барлығы 30.12.2025, 20:41 577 dulatbekova
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов медиахолдинг жұмысымен танысты
Сурет: Aqshamnews. kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы «Alatau Aqparat» медиахолдингіне арнай атбасын бұрып, жұмысымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті.

Медиахолдингтің бас директоры Ержан Қалымбайұлы жасалып жатқан жұмыстар мен жетістіктерді  баяндап, үлкен трансформация жүзеге асырылуда екенін атап өтті. 
Кездесу барысында әкім орынбасары ұжымның мерейін өсірген жаңалыққа да тоқталды. «Almaty aqshamy» газеті биыл «Қазақстандағы Жыл таңдауы» (№1 Choice of the year in Kazakhstan) ұлттық жобасының «Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет» номинациясын жеңіп алған еді. Абзал Нүкенов осы мәртебелі марапатпен редакция ұжымын құттықтап, бұл жетістік жыл бойы еселі еңбектің, сапалы контент пен оқырман сенімінің айқын дәлелі екенін атап өтті.


Сондай-ақ, әкім орынбасары келер жылы 90 жылдығы атап өтілетін «Вечерний Алматы» газетінің ұжымымен де тілдесіп, тарихи басылымның орны мен өнегелі жолына тоқталды.  

Холдинг құрамындағы басылымдар мен онлайн платформалардың жұмысы, цифрлық жобалардың дамуы, контент әзірлеудің күнделікті үдерістері де айтылды. «Әлеуметтік желіге жаңа толқынның лебі, көзқарасы керек. Қазіргі тұтынушылардың сұранысына сай контент даярлау, ақпараттық кеңістікті сапалы ақпараттармен толықтыру уақыт күттірмейтін мәселелер», – деді Абзал Нүкенов сайттар мен әлеуметтік желі мамандарымен кездескенде.


Сонымен бірге әкімнің орынбасары медиахолдингтің музейін тамашалап, Алматы журналистикасының шежіресіне айналған құнды мұралармен танысты. Сонымен қатар, биыл ашылған подкаст студиясының жұмысын көрді.  

Журналистермен жүздесу барысында ол алдағы жылы жоспарланған медиахолдингтің 1959 жылғы ғимараттын күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарына да тоқталды. «Келер жылы ғимаратқа толығымен жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл жаңа мүмкіндіктер бастамасы болмақ », – деді Абзал Нүкенов.


Жүздесу соңында ол редакция ұжымына сәттілік тілеп, ақпараттық жұмыстың қала өміріндегі маңызын ерекше атап өтті. Және заманауи медиа ағымына ілесіп, мультимедиялық журналистиканы дамытуды тапсырды. Сонымен қатар, алдағы Жаңа жылмен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, шығармашылық табыс тіледі.


Айта кетейік, «Alatau Aqparat» медиахолдингіне республикалық «Almaty aqshamy», «Вечерний Алматы» газеттері, сондай-ақ aqshamnews.kz, vecher.kz, alnews.kz онлайн ресурстары және әлеуметтік желідегі ресми парақшалар кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Ақшамы #«Alatau Aqparat» #медиахолдинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);