Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы қалалық ПД-да жекеменшік күзет ұйымдарының...

Алматы қалалық ПД-да жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті

Заң мен тəртіп 09.09.2025, 17:47 601
Алматы қалалық ПД-да жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция мен жекеменшік күзет ұйымдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ынтымақтастықты күшейтуде. 

Алматы қалалық полиция департаментінде қаладағы жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Кеңеске полицияның тиісті бөлімшелерінің өкілдері мен күзет ұйымдарының басшылары қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесу барысында ішкі істер органдары мен жекеменшік күзет ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайту, күзет қызметтерінің сапасын арттыру және адамдар көп жиналатын, сондай-ақ балалар болатын нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әсіресе мектептерге, балабақшаларға, колледждерге, жоғары оқу орындарына, денсаулық сақтау мекемелеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына, базарларға және жаппай демалыс орындарына ерекше назар аударылды.

- Балалар мен азаматтардың көп жиналатын нысандардағы қауіпсіздігі – басым міндеттердің бірі. Қауіп төнген жағдайда күзетшілердің кәсібилігі мен жедел әрекет етуге дайындығы қауіптің алдын алуға және дер кезінде әрекет етуге тікелей әсер етеді. Қазір біз күзетшілерді даярлау талаптарын күшейтіп, терроризмге осал нысандардағы жұмыс сапасына қойылатын жауапкершілікті арттырып жатырмыз. Полиция мен күзет ұйымдарының бірлескен жұмысы ғана азаматтарымыздың нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, – деді Алматы қаласы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Бахтияр Темірбеков.

Кездесу барысында күзет ұйымдарының басшыларына күзет саласындағы заңнама талаптары ескертіліп, білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жұмыс істейтін күзетшілердің жас шегін төмендету, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру қажеттігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласында сенімді қауіпсіздік жүйесін құру мақсатында полиция мен күзет құрылымдарының өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жекеменшік күзет ұйымдары #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика