Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушыла...

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушылар алдындағы есеп беру жұмысын жүйелі түрде жалғастырып жатыр

Барлығы 30.06.2025, 18:26 774
Алматы қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушылар алдындағы есеп беру жұмысын жүйелі түрде жалғастырып жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда қалалық мәслихат депутаттары тұрғындармен есептік кездесулерді тұрақты түрде өткізіп келеді. Мұндай кездесулер ашық форматта түрлі қоғамдық алаңдарда өтеді: медицина мекемелерінде, әлеуметтік бағыттағы ұйымдарда, көлік құрылымдарында және аудандық орталықтарда. Негізгі мақсат – ашық диалог орнату, атқарылған жұмыстарды саралап, өзекті мәселелер бойынша ортақ шешім табу.
⠀
Екінші тоқсанда депутаттар сайлаушылар алдында атқарылған жұмыстары және негізгі нәтижелер жөнінде есеп берді. Кездесулерде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Алматы қаласы бойынша бес басым бағыттағы іске асу барысы таныстырылды: экономика, инфрақұрылым, білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту, қауіпсіз қала ортасын қалыптастыру, мәдениет пен жастар саясатын қолдау.

Мәселен, депутат Елена Тё Медеу ауданының ПМСП орталығы базасында кездесу өткізіп, тұрғындармен Көк-Жайлау құрылысы, спорт секцияларының қолжетімділігі, ПИК жұмысы және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының шамадан тыс жүктемесі мәселелерін талқылады.

Депутат Диана Ерлан да атқарған жұмыстарының қорытындысын таныстырса, Айгүл Шалбаева Орталық қалалық клиникалық ауруханада өткен кездесуде жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен басымдықтар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Алматы көлік холдингінде өткен кездесуде депутат Садир Хамраев қалалық инфрақұрылымды дамыту, көлік үлгісін жаңарту, әлеуметтік нысандар салу және 2025–2027 жылдарға арналған бюджет өзгерістері жөнінде баяндама жасады.

Кристина Бекмурзаева өзінің есептік кездесуін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткізіп, екінші тоқсанда жолданған депутаттық сауалдар туралы айтып берді. Бірқатар мәселелер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген. Онда балалар үйлерінің түлектерін жұмысқа орналастырудан, мүмкіндігі шектеулі топтарға жеңілдіктер мен қызметтер алудан бастап көліктік қолжетімділікті жақсартуға, аулаларды абаттандыруға және жеке тұрмыстық жағдайларды шешуге жәрдемдесуге дейінгі әлеуметтік мәселелердің кең ауқымы қозғалды. Бірқатар өтініштер бойынша оң нәтижелер бар. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдауға және мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінуде.

Депутат Қарашаш Жүзеева өз есебінде бірінші жартыжылдықта 40-қа жуық депутаттық сауал жолданғанын атап өтті. Нәтижесінде жарықтандыру қалпына келтіріліп, шұңқырлы жолдар жөнделіп, қаңғыбас жануарлар ұсталып, ағаштар зиянкестерге қарсы өңделген. Кейбір жағдайларда атаулы қайырымдылық көмегі де көрсетілді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Бүгін 14:22

Алматы мен Шанхай: 2,7 млрд доллар көлеміндегі жобаларға жол ашқан серіктестік

Бүгін 14:11

Алматылық гимнасттар Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

Бүгін 12:43

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Бүгін 12:29

Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс істеген

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика