AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы велосипедші қыз бен автокөлік ара...

Алматы полициясы велосипедші қыз бен автокөлік арасында ешқандай жол апаты болмағанын анықтады

Оқиға 07.04.2023, 11:40 927
Алматы полициясы велосипедші қыз бен автокөлік арасында ешқандай жол апаты болмағанын анықтады
Сурет: Inform.kz

Алматы қалалық полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасын тергеу барысында қызметкерлер велосипедші қызды қағып кетті делінген Toyota Solaris автокөлігінің жүргізушісін тапқан.


Ол оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келгенін айтты.


Көліктің жүргізушісі Достық даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатып, кері бұрылған.


Сол кезде солтүстікке қарай келе жатқан велосипедші көлікке соғылмау үшін тежегішті басып, құлап қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Осы сәтті бақылау камерасының бейнежазбасынан анық көруге болады.



«Бұрылып үлгерген көлік иесі артқы айнадан қыздың құлап қалғанын көреді. Бұл жерде тоқтауға тыйым салынғандықтан басқа көшеге көлігін қалдырып, оқиға орнына жаяу барған. Ол бірден 102, 103 нөмірлеріне хабарлаған. Полицияның келгенін күтті. Полицейлер велосипед пен автокөлік арасында ешқандай қақтығыс болмағанын анықтады. Сол себепті жол апаты тіркелмеді. Дәрігерлер қызды ауруханаға алып кетті. Қазір қызды ота жасауға дайындап жатыр, себебі, оның тістері сынған, жақ сүйегі жарақаттанған», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.



Сондай-ақ ведомство көшеде тұрған полиция көлігінің оқиғаға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.


Тәртіп сақшылары ақпаратты жан-жақты тексерген соң ғана қорытынды шығаруға, ал БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратпауға шақырады.


Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде көлік қаққан қыздың видеосы шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқиға #жолдағы жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Кеше 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Кеше 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Кеше 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);