Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады Сурет: Polisia.kz

Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды.

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25

11:09

10:57

10:45

10:29