AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдікті...

Алматы полициясы 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Заң мен тəртіп 13.01.2023, 08:40 929
Алматы полициясы 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады
Сурет: Polisia.kz

Жамбыл облысының екі тұрғыны қаланың Алмалы және Бостандық аудандарында жүрген.


Жай жүріп қоймай, бөтеннің пәтерлеріне кіріп, заттарды ұрлаған. Қылмыстық жұптың 10 ұрлыққа қатысы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Олар аулаларды аралап, көп қабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап, пәтерде біреудің бар-жоғын тексерді, кіреберіске кіріп, кілт таңдау немесе құлыпты бұзу арқылы пәтерге кіретін есікті ашып, үйдегі құндылығы бар заттардың бәрін алып шықты. Бұл – қолма-қол ақша, шағын техника, әртүрлі зергерлік бұйымдар. Біреуі бөтен адамның үйінде иелік етіп жүргенде, екіншісі көлікте күтіп отырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Спикердің айтуынша, Бостандық аудандық ПБ КПБ арнайы тобының қызметкерлерімен және полицияның арнайы жасағының көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1996 жылы туған С.есімді азамат және оның серігі 2000 жылғы С.есімді азамат ұсталды.


Соңғы ұрлықта пәтерден цифрлық техника мен қаражат жоғалып кетті. Күдіктілер заттай айғақтардан құтылып үлгермеді. Олар ұстау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске қосылды. Қазіргі уақытта “қылмыстық дуэттің” мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



«Айтпақшы, бұрын күдіктілердің заңға қатысты мәселелері болған. Ал ұсталғандардың бірі Қазақстанның басқа аймақтарында бірқатар ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Қазір екеуінің де жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Қуатбек Науатов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #10 пәтер #күдіктілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23

Алматыда ат спорты танымал болып барады

Бүгін 11:11

Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

Бүгін 10:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика