AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полицейлері ірі көлемдегі интернет-алаяқтық...

Алматы полицейлері ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың алдын алды

Заң мен тəртіп 09.09.2025, 11:47 558 dulatbekova
Алматы полицейлері ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың алдын алды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері ірі көлемде интернет-алаяқтықты тоқтатты,  - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Polisia.kz ақпаратына сай, кезекші бөлімге жергілікті тұрғындар жүгініп, 21 жастағы ұлдарының жоғалып кеткенін хабарлаған. 

Жас жігіт өзімен бірге алтын бұйымдар мен жинаған ақшаны алып, үйінен шығып кеткен. Ол бірнеше сағат бойы байланысқа шықпаған. Ата-анасы оның компьютеріндегі күмәнді хат алмасуды байқап, бірден полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері жігіттің орналасқан жерін анықтап, оның интернет-алаяқтардың ықпалында болғанын  анықтады. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында отбасының жинаған 4 миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалу мүмкін болды. 

- Алаяқтар азаматтарды түрлі қауіпке толы тізбектерге тарту үшін психологиялық қысым мен алдауды жиі қолданады. Күмәнді жағдай байқалған кезде бірден полицияға жүгіну өте маңызды. Бұл жағдайда біз жас жігіттің орналасқан жерін шұғыл анықтап, заңсыз әрекеттердің жолын кестік. Қазір алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел кезекшісі Әділет Слямбаев. 

- Біз ұлымыздың бейтаныс адамдармен хат алмасып, олардың нұсқауымен ақша аудармақ болғанын байқадық. Дереу дабыл қағып, полицияға бардық. Осы жерде бізге көмектесті, баламызды жылдам тауып, алаяқтықтың алдын алды. Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен қолдауы үшін алғыс айтамыз, – деді жігіттің әкесі.

Алматы полициясы қала тұрғындарын қырағы болуға, күмәнді интернеттегі таныстарға сенбеуге шақырады. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда ішкі істер органдарына дереу хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #Интернет-алаяқтық #алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);