AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы оқушылары Ұлы Отан соғысы батырларын еске а...

Алматы оқушылары Ұлы Отан соғысы батырларын еске алды

Барлығы 01.05.2025, 19:25 833 Дина
Алматы оқушылары Ұлы Отан соғысы батырларын еске алды
сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеше Алматы қаласы Жетісу ауданындағы N57 жалпы білім беретін мектебінде  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тазым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің ұрпақтары, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Жетісу ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің өкілдері, «АМАНАТ» партиясы Жетісу аудандық филиалының төрағасы, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.

Құрметті қонақтардың қатарында:
- Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Горпиненко Владимир Петрович; 
- Чернобыль ардагерлері мен ерекше қауіп төнген жауынгерлер одағының төрағасы Перминов Валерий Петрович;
- Ауған соғысының ардагері Ким Владлен Львович;
-  Чернобыль атом-электр станциясының  жоюшысы Кан Игорь Афанасьевич;  
- Чернобыль атом электр станциясының ардагері Усеинов Ануар Билалович; 
- Ата-аналар қоғамының төрайымы Нұрмағамбетова  Зәуре Бектұрғанқызы болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Туын салтанатты түрде енгізу және Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Мектептің «Жетісу жауһарлары» оркестрінің өнерпаздары қазақтың белгілі композиторларының шығармаларын  орындады. Оқушылар  келген қонақтарға соғыс әндерін сахналық қойылымдармен ұсынып, өз рөлдерін бар ынтасымен сомдады. Бүлдіршіндер көркемсөзден жыр оқып, әсем  әндер  орындады. Концерт барысында жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

57 жалпы білім беретін мектеп директоры Гүлбану Қонысбайқызы өз сөзінде ерлік пен қаһармандықтың үлгісіне айналған ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Ол өз сөзінде  іс-шараның мақсаты  жастардың ардагерлерге, аға ұрпаққа деген құрметті көзқарасын қалыптастыру,  өз елінің тарихына деген қызығушылығын, патриоттық және туған жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу мақсатында екендігіне баса назар аударды.

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Бұл сөздер өткенді емес, болашақты меңзейді. Қаһарман батырларымыздың ерліктерін ешкім де ешқашан ұмытпайды. Бұл күн қанды майданнан оралмай, еліміз үшін сенімді қорған бола отырып, жеңіске  жету үшін күрескен ата-бабаларымызды еске алу күні", - деді Гулбану Қонысбайқызы.

Шара соңында бүкіл зал №57 мектептің мұғалімдер хорымен бірге «Жеңіс күні!» әнін шырқады.Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор. Аға буын ардагерлеріміздің көрсеткен ерлігі мен батырлығынан  бүгінгі ұрпақ сабақ алады деген сенімдеміз.

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз.

Тәуелсіз Қазақстанның бақытты да бейбіт күндері үшін ардагерлерімізге тағзым етеміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #жеңіс күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);