Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы оқушылары адами құндылықты дәріптейтін қойы...

Алматы оқушылары адами құндылықты дәріптейтін қойылым ұсынды

Барлығы 29.12.2025, 15:16 409
Алматы оқушылары адами құндылықты дәріптейтін қойылым ұсынды
сурет: автордан

Былтырдан бері толыққанды жүзеге асырыла бастаған «Адал азамат» бағдарламасының негізінде қаладағы №59 мектеп-гимназиясында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында құндылыққа негізделген тәсілдер айлығы ұйымдастырылды. 

Айлық жоспары бойынша мектептің барлық бірлестігі үш кезеңге бөлініп, әр кезеңде әртүрлі жобалар іске асырылды. Олар әділдік, жауапкершілік, заң және тәртіп, бірлік және ынтымақ, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі тәуелсіздік және отаншылдық құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шара өткізді. Мәселен, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 5-сынып оқушылары «Ер Төстік – ел қорғаған ер» тақырыбында көркем оқу мен театрландырылған қойылым ұсынды. Бұл қойылым арқылы жеткіншектер әдеби кейіпкерлерді танып, ел қорғау мен адалдық ұғымдарын тереңірек ұғынды.

Жоғары сынып оқушылары тәуелсіздік тақырыбындағы шығармалар бойынша буктрейлер жасап, шығармашылық қабілетін көрсетті. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік жылдарындағы шығармалардағы адалдық тақырыбы» атты жас жазушылармен кездесу ұйымдастырылды. Бұл оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, еркін ой алмасуға мүмкіндік берді.

«Айлық аясында «Құндылық бастауы – халық ауыз әдебиеті» атты комикстер көрмесі де ұйымдастырылып, ұлттық мұра заманауи форматта ұсынылды. Махамбет Өтемісұлы шығармалары бойынша өткен куиз батл оқушылардың білімін шыңдап, рухын көтерді. Кітап көрмесі арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар да сәтті ұйымдастырылды. Мұндай тағылымды жобалар жас ұрпақты саналы, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде тәрбиелеудің маңызды қадамы екені сөзсіз», – дейді №59 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Камшат Егеубаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қойылым #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика