конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Оңтүстік Кореяның танымал «I Live Alone» шо...

Алматы Оңтүстік Кореяның танымал «I Live Alone» шоуында таныстырылды

Алматы Бүгін 10:21 50
Алматы Оңтүстік Кореяның танымал «I Live Alone» шоуында таныстырылды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыға саяхат туралы бейнежазба қазірдің өзінде 500 мыңнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы Оңтүстік Кореяның MBC (Munhwa Broadcasting Corporation) ұлттық телеарнасындағы миллиондаған көрермен тамашалайтын «I Live Alone» танымал шоуының жаңа шығарылымында көрсетілді. Қазақстанға арналған түсірілім Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, арнайы шығарылым 2026 жылы 14 тамызда эфирге шықты.

Шығарылымның басты кейіпкері – танымал оңтүстіккореялық тележүргізуші әрі комик, бағдарламаның жүргізушілерінің бірі Чон Хен-му (Jun Hyun-moo). Алматыға сапары барысында ол халықаралық әуежайда, Көктөбеде, Көк базарда, Арбатта және Қайыңды көлінде болып, қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Осылайша бағдарламада Алматының қалалық атмосферасы, гастрономиясы, жергілікті мәдениеті мен табиғи көрікті жерлері көрсетілді.

«I Live Alone» – Оңтүстік Кореядағы ең танымал ойын-сауық бағдарламаларының бірі. Чон Хен-му сияқты танымал тұлғаның қатысуы шығарылымға деген қызығушылықты одан әрі арттыра түсті. Оның әлеуметтік желідегі парақшаларына 800 мыңнан астам адам жазылған.

Телевизиялық көрсетілімнен кейін бағдарлама цифрлық платформаларда да аудитория жинауды жалғастырды. 3 миллионға жуық оқырманы бар MBC-дің ресми YouTube-арнасында жарияланған Алматыға саяхат туралы бейнежазба қазірдің өзінде 500 мыңнан астам қаралым жинады. Көрермендер бейнеролик астында қала туралы әсерін жазып, шығарылымға оң баға беріп жатыр.

Оңтүстік Корея Алматы үшін мүмкіндігі жоғары туристік нарықтардың бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаламызға осы елден 23 мыңнан астам турист келген. Сонымен бірге Алматы кореялық саяхатшыларды ғана емес, халықаралық контент түсіруге қолайлы алаң ретінде жергілікті медианы да қызықтырып отыр. Бұған дейін қалада SBS арнасының танымал «Менің кішкентай бойдақ жігітім» шоуының арнайы шығарылымы түсірілсе, енді Алматы MBC арнасындағы «I Live Alone» бағдарламасында көрсетілді. Бұл Алматының кореялық аудитория арасында туристік бағыт әрі халықаралық медиажобалар үшін тартымды алаң ретіндегі әлеуетін де айқындай түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шетелдік БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады

Бүгін 12:00

Саналы шешімге үндеген үндеуге Алматының түрлі сала өкілдері қосылды

Бүгін 11:51

BI Group 1 000 пәтер таратады, қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр - осы тектес жалған ақпараттар терістелді

Бүгін 11:01

Алматыда 23 тамызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 10:56

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);