Алматы облысында түнде жер сілкінді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 8 сәуірде сағат 22:55-те тіркелген.
Эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде Алматы облысы Іле ауданында орналасқан.
Жер сілкінісі Алматы облысындағы Күрті ауылында сезілген. Оның қарқындылығы 2 балл болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.