AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма авт...

Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады – Дархан Сатыбалды

Барлығы 17.12.2025, 15:15 374
Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады – Дархан Сатыбалды
Алматы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды көлік инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық көліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, қалада жол инфрақұрылымы бағытында бірқатар маңызды жоба қолға алынған. Биыл Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға берілді, Абай даңғылы ұзартылып, қозғалыс ашылды, 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынды, сондай-ақ 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.

Сонымен қатар, №7 қалалық аурухана мен "Сәлем" базары маңында екі көлік тоқтайтын кешенінің құрылысы аяқталды. Қоғамдық көлік бағыттарының ыңғайлы ауысуын және өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында "Саяхат" көлік тоқтайтын торап аумағында жұмыс жалғасып жатыр.

Қаланың қоғамдық көлік паркін жаңғырту аясында биыл 940 газбен жүретін автобус сатып алынды, оның ішінде 340 бірлігіне жеке тасымалдаушылар қаржы бөлген. Сондай-ақ жеке компаниялар 153 электробус сатып алды. Осы жылы жолаушылар саны 33 пайызға өсіп, тәулігіне 1,6 млн жол жүру санына жетті.

"Қаланың заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – Алматының негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) көлік байланысы жедел әрі агломерацияның өзара байланысы күшейеді. Сондай-ақ 2026 жылы "Қалқаман" метро бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алдағы үш жыл ішінде бірінші желі "Барлық" базарына дейін жеткізіледі. Қазіргі таңда метроның екінші және үшінші желілері жобаланып жатыр. Жоғары жылдамдықты БРТ бағытын дамыту жалғасады. Үш жаңа автобус паркін салу жұмыстары басталды. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен демалысын қамтамасыз ету үшін 20 тұрақ-айналу алаңы салынады. Сонымен қатар көлікке ауысып мінуге арналған үш торап құрылып, бұл қала мен қала маңын байланыстыратын ыңғайлы ауысу нүктесіне айналады", – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #Үлкен Алматы айналма тас жолы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика