AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналғ...

Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі ашылды

Мәдениет 06.03.2026, 10:45 325 Дина
Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі ашылды
Музей әкімшілігінен

2026 жылы 5 наурызда сағат 11:00-де Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесіне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрмесі салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көрме қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі ерекше рөліне арналған.

Экспозицияда Алматы музейінің қорынан алынған, қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан көрнекті тұлғаларға тиесілі бірегей жәдігерлер ұсынылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Көрме аясында келушілер ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасымен таныса алады. Олардың қатарында қазақ өнерінің аңызға айналған жұлдыздары Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Мәдина Ералиева және Сәуле Жанпейісова бар. Экспозицияда олардың жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері қойылған.

Көрмеде қазақ сахналық өнерінің қалыптасу кезеңін айқындайтын сахналық костюмдер мен концерттік киімдерге ерекше орын берілген. Сонымен қатар сирек кездесетін архивтік фотосуреттер мен құжаттар арқылы көрнекті өнерпаздардың шығармашылық және өмір жолымен тереңірек танысуға мүмкіндік жасалған.

Көрменің мақсаты — өнер мен мәдениет кеңістігіндегі әйел бейнесінің маңызын тереңірек ұғындыру, сондай-ақ қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Экспозиция қазақ әйелдерінің ұлттық мәдениетті дамытудағы үлесін, олардың таланты мен рухының беріктігін, өнерге деген адалдығын айқын көрсетеді.

Көрменің ашылу рәсіміне мәдениет және өнер саласының өкілдері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызын, сондай-ақ отандық өнердің дамуындағы әйелдердің ерекше рөлін атап өтті.

Көрме 12 наурызға дейін келушілер үшін ашық болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09

Алматы цифрлық технологиялардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналып келеді

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);