ffin.kz

Алматы музейі Италияға 140-тан астам экспонат апарды

Алматы музейі Италияға 140-тан астам экспонат апарды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Неаполь (Италия) қаласында Алматы қаласы тарихы музейінің Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрмесі ашылды.


Ашылу салтанатына TURKSOY халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР-ның Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев, Неаполь қаласының мэрі Гаэтано Манфреди, ҚР-ның Италиядағы Құрметті консулы Валентина Мацца ханым және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Қызықты артефактілерден басқа, қонақтарға қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды.



Қазақстан мен Италияны тек саясат пен экономика ғана емес, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастау алған тарих пен әйгілі венециялық көпес Марко Полоның Ұлы даланың шексіз кеңістігі арқылы жасаған саяхаттары жақындастырады. Италиямен дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 21 тамызда орнаған. Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндері алғаш рет 2013 жылы өткізілді. Қазақстан мәдениетін әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялаудың маңызы зор, өйткені бұл құндылықтар алмасуға, мәдени әртүрлілікті кеңейтуге және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.



Ал аталмыш көрменің мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ Ұлы дала халқының тарихымен, көшпенділер мәдениетімен, атап айтқанда көшпелі қазақтардың дәстүрлерімен, тұрмысымен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.


Неаполь қаласының Castel Nuevo қамалында ұйымдастырылған «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмеге бірлестік қорынан 140-тан астам экспонат қойылды. Бірлестік музейлерінің қоры мен коллекциялары үнемі жаңа артефактілермен толықтырылып отырады. Біздің музейлер тарихи жәдігерлерді сақтап және насихаттап қана қоймай, ғылыми-білім беру орталықтарының қызметін де атқарады.


Көрме өтіп жатқан жердің тарихы да қызықты. Castel Nuevo (Анжуй қамалы) – Анжуйлық Чарльз I-нің құрметіне салынған сарай. Ол Неаполь қаласының орталығында орналасқан. Шетелден туристер ең көп баратын орындардың бірі. Ғимараттың  биіктігі 50 метрден асады.



– Алматы қаласы музейлер бірлестігі Қазақстанның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысып жүр. Оның үлесінде 2022-2023 жылдары ерекше дамыған халықаралық ынтымақтастықтың кең бағдарламасы бар. Мәселен, бұған дейін Сеул (Корея Республикасы), Стамбул (Түркия) қалаларында үлкен жетістікпен өткізілген халықаралық көрмелерді атауға болады. Біздің шаһардан Италия төріне жеткізілген құнды жәдігерлер арасында киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар бар. Италия көрермендерінің ықыласы керемет! Олар біздің жәдігерлерді бір ай бойына тамашалай алады, – дейді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04