Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы мен Сингапурдың цифрлық тандемі

Алматы мен Сингапурдың цифрлық тандемі

Экономика 30.07.2021, 10:14 1,705
Алматы мен Сингапурдың цифрлық тандемі
almaty-akshamy.kz

"Ақылды қала" бағдарламасын дамыту аясында ынтымақтастық  жөніндегі меморандумға қол қойылды
 
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен цифрландыру басқармасы мен сингапурлық crimsonlogic PTE Ltd компаниясының басшылары "ақылды қала" жобаларын дамыту аясында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 


CrimsonLogic Pte Ltd мен Алматының цифрландыру басқармасы бірлескен жұмыс аясында мегаполисті цифрлық трансформациялауға және жайлы қалалық орта құруға басты назар аударуды жоспарлап отыр.
 
Айта кетерлігі, ынтымақтастықтың алғашқы жобасы "Алматы қаласының бірыңғай деректер базасы" болды. Оның даму стратегиясы әлемдегі ең озық елдердің бірі – сингапурлық "Citizen 360" моделіне сәйкес және  деректерді дұрыс басқару адамның мүмкіндігін арттырады.  




"Бірыңғай деректер базасын іске қосудағы негізгі идея - оның көмегімен мемлекеттік органдардың, коммерциялық және академиялық ұйымдардың деперсонализацияланған деректермен алмасуын қамтамасыз ету", – деді Алматының цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.




Б. Қонырбаев crimsonlogic  компаниясының "ақылды қалалар" жобаларын іске асыруда мол тәжірибе жинақтағаны, сондай-ақ цифрлық трансформациялау шешімдерінің портфелін үнемі кеңейтіп отыратыны туралы айтты.




 
"Біз өз алдымызға қойған айқын мақсаттарымыз – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен әлеуметтік ахуалды жақсарту ғана емес, жалпы, Алматының инновациялық технологияларын дамыту. Сингапурлық компаниямен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және оның "ақылды қала" жобаларын дамыту үшін жаңа перспективалар ашатынына сенімдіміз", – деп толықтырды Баян Қоңырбаев.



 
Өз кезегінде CrimsonLogic Wee tan Yeong вице-президенті екіжақты ынтымақтастықтың  инновацияларды енгізу процесін жеделдететініне және Алматы қаласы тұрғындарының өмірі мен жұмысын жайлы етуге көмектесетініне сенім білдірді.
 
Сондай-ақ Wee Tan Yeong Сингапурда цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.




 
"Елімізде цифрлық трансформация 1980 жылдан басталды. Осының арқасында ЖІӨ 100 еседен астам өсті. Сингапур барлық мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ бизнес саласындағы қызметтерді өзгертті. Мұның бәрі менің көз алдымда, қара-ақ суреттен бастап жарқыраған қалаға дейін болды. Осы уақыттан бастап сингапурлықтар цифрландырылған қызметтерді пайдаланудың тұрақты әдетін қалыптастырды", – деді Wee Tan Yeong.
 



Шетелдік спикер цифрландыру ойыншыларының бірі - My Info порталының жетістігі туралы айтты. Онда экономикалық транзакциялар жылдамдатылған. Мысалы, банкте оңай және тез шот ашуға болады. Бұл ақылды шешімнің пайдасын банктер ғана емес, сонымен қатар банк бөлімшесіне бармай-ақ уақытын тиімді пайдалануға ыңғайлы қарапайым азаматтар да бағалады.
 
CrimsonLogic-тің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Алуа Сатыбалдиева Алматының цифрландыру басқармасы Сингапурдың жолымен жүріп жатқанын айтты. Ол 30 жыл бойы өзінің тиімділігін көрсетіп келе жатқан түрлі платформалар туралы жан-жақты айтып берді.




 
"Біз 19 елде жұмыс істейміз, биыл Қазақстанда өкілдік ашамыз. Біздің жұмысымыздың бір бағыты – цифрлық қалалар мен цифрлық үкімет", – деді Алуа Сатыбалдиева.
 



Алматыда бірыңғай деректер қоймасы басқару жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифрландыру #Ақылды қала #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика