AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайы...

Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді

Алматы Бүгін 09:34 22
Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді

Алматыда екі қаланың туризм саласы мен бизнес өкілдерін біріктірген «Пусан күні» өтті. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қатысушылар Пусанның туристік әлеуетімен, мәдениетімен, сондай-ақ туризм, косметика және кәдесый өнімдері саласында жұмыс істейтін корей компанияларымен танысты.

«Пусан күнін» өткізу Алматы мен Пусан арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. 2026 жылы 1 мамырдан бастап Eastar Jet әуе компаниясы Алматы – Пусан бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды. Ұшу уақыты шамамен алты сағат. Бұл екі қала арасындағы сапарды жеңілдетіп, туризм саласындағы байланысты арттыруға ықпал етеді.

Алматыға Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны да артып келеді. 2025 жылы қалаға Корея Республикасынан 23,2 мың турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Оңтүстік Корея нарығы Алматы үшін Азиядағы болашағы зор туристік бағыттардың бірі болып қала береді. Маусым айында қаланың Туризм басқармасы өкілдері Seoul International Travel Fair (SITF) халықаралық көрмесіне қатысты. Ал қарашада Алматы мүмкіндіктерін Сеулде өтетін KOREA MICE EXPO көрмесінде таныстырады.

«Пусан күні» екі қаланың туристік және іскерлік әлеуетін таныстыруға, жаңа серіктестік орнатуға жол ашты. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы мен туристік жобалардың көбеюі туристер легін арттыруға септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты

Бүгін 09:31

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);