AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty Marathon-ның 15 жылдығына орай Алматыда жаң...

Almaty Marathon-ның 15 жылдығына орай Алматыда жаңа мурал ашылды

Алматы 08.09.2026, 17:39 315
Almaty Marathon-ның 15 жылдығына орай Алматыда жаңа мурал ашылды
Алматы әкімдігі

Муралды Repas граффити-командасы салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Almaty Marathon-ға үш аптаға жетер-жетпес уақыт қалғанда, Терренкурда Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасының 15 жылдығына арналған мурал ашылды. Жұмысты Repas граффити-командасы салды.

Терренкур мурал үшін бекер таңдалған жоқ: бұл – Алматыдағы жүгіру, спортпен шұғылдану және белсенді серуендеу үшін ең танымал орындардың бірі. Жұмыс әл-Фараби даңғылының астындағы тоннельде орналастырылды. Мурал Almaty Marathon-ның мерейтойлық науқанының бір бөлігіне айналып, марафонның қаламен тығыз байланысын айқындай түсті.

Almaty Marathon 27 қыркүйек өтеді және 60-тан астам елден 16 мың қатысушыны жинайды. Бағдарламаға 42,2 км марафон, 21,1 км жартылай марафон, 10 км жүгіру және скандинавиялық жүріс, сондай-ақ командалық Экиден эстафетасы кіреді. Сөреге шығуды жоспарлағандар әлі де 42,2 және 21,1 км қашықтықтарына almaty-marathon.kz сайтында тіркеле алады.

Биыл ұйымдастырушылар барлық қашықтықтардың бағыттарын толық жаңартты. Қатысушылар Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәреге жетеді. Марафон қашықтығы алғаш рет бір айналыммен өтеді — мұндай формат көптеген ірі халықаралық жарыстарда қолданылады. Бағыт Алматының орталық көшелері мен тарихи бөлігін қамтиды. Барлық қашықтық World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Almaty Marathon-ның арнайы қонағы — 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы әрі Жапонияның ең танымал марафоншыларының бірі, жапондық желаяқ Юки Каваучи. Алдағы жарыс ол үшін Орталық Азиядағы алғашқы марафон болмақ.

Almaty Marathon 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқы қайырымдылық жүгіруіне 2 500 адам қатысты. 15 жыл ішінде қатысушылар саны алты еседен астам өсіп, марафон Қазақстанда бұқаралық жүгірудің дамуына ықпал еткен негізгі жобалардың біріне айналды.

Жыл сайын сөрелік жарналардың бір бөлігі әлеуметтік және медициналық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. 2012 жылдан бері «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 30-дан астам осындай бастаманы жүзеге асырды.

Almaty Marathon-ның 2026 жылғы ұраны — Start Your Legacy. Ұйымдастырушы — «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітап ұсыну акциясы өтті

Бүгін 23:13

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);