AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы колледждері педагогтерінің командасы респуб...

Алматы колледждері педагогтерінің командасы республикалық спартакиадада бақ сынауда

Спорт Бүгін 18:06 39 yakiya
Алматы колледждері педагогтерінің командасы республикалық спартакиадада бақ сынауда

Алматы колледждері педагогтерінің командасы республикалық спартакиадада бақ сынауда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шымкент қаласында еліміздің колледж оқытушылары мен қызметкерлерін біріктірген ауқымды жарыс басталды. Бұл додада Алматы қаласының намысын тәжірибелі педагогтер командасы қорғауда.

1–6 маусым аралығында Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтуде. Аталған спорттық іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Түркістан облысының білім басқармасы ұйымдастырған. Жарыстың негізгі алаңы ретінде Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі таңдалды.

Спартакиада екі кезеңнен тұрады. Аймақтық іріктеу жарыстары 30 мамырда аяқталып, олардың қорытындысы бойынша үздік командалар республикалық финалда бас қосты. Бағдарламаға спорттың тоғыз түрі енгізілген. Атап айтқанда, шағын футбол, ерлер мен әйелдер арасындағы волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық және арқан тарту бойынша сайыстар өтуде.

Салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, одан кейін қатысушылар алғашқы жарыстарға кірісті. Командалар арқан тартуда күш-қайратын, ал ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақта шеберлігі мен тактикалық дайындығын көрсетті.

Спартакиадаға қатысып жатқан Алматы қаласының делегациясына ерекше назар аударылуда. Мегаполистің абыройын қорғайтын команданың құрамында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Асхат Жанбосынов та бар. Ол жарысқа қатысушыларға қолдау білдіріп, туған қаланың намысын лайықты қорғауға тілектестік білдірді.

Жарыс ережесіне сәйкес, қатысушылар колледждердің штаттағы қызметкерлері болуы және олардың педагогикалық жүктемесі кемінде 720 сағатты құрауы тиіс. Сондай-ақ барлық спортшылардың жасы 20-дан жоғары болуы қажет. Командалық спорт түрлерінде 40 және 45 жастан асқан ойыншылардың қатысуы міндетті шарт ретінде белгіленген.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Алда қатысушыларды тартысты әрі жауапты жарыс күндері күтіп тұр. Бұл дода техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен қызметкерлері тек сапалы білім беріп қана қоймай, спорт алаңында да табандылық пен жеңіске деген жігердің үлгісін көрсете алатынын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10

Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады

Бүгін 17:38

«КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Бүгін 17:34

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін 17:08

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);