AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы кітапханасында қаламгер Медеу Сәрсекенің 90...

Алматы кітапханасында қаламгер Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына орай әдеби-танымдық кеш өтті

Барлығы 15.01.2026, 15:52 894 Нұржамал ӘЛІШ
Алматы кітапханасында қаламгер Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына орай әдеби-танымдық кеш өтті
сурет: автордан

А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке қаламгердің туған қарындасы Рымгүл Сәрсекеева мен жиендері де қатысты. 

Жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Дәулет Сейсенұлы Медеу Сәрсекенің шығармашылық жолы мен азаматтық, адамгершілік тұлғасы туралы, өзі секілді жастарға деген ағалық шапағаты, қамқорлығы жайында әңгімелеп берді. Педагогика ғылымдарының докторы, академик Ақмарал Мағауова Медеу Сәрсекенің ешқандай ғылыми дәрежесі болмаса да деректі, дәйекті тақырыптарға да жиі барғанын, еңбекқор азамат болғанын атап өтті. 

 Ал қаламгердің қарындасы Рымгүл Сапақызы оның үйдің тұңғышы һәм өзінен кейінгі бауырларына әрдайым қамқор болғанын айтып, балалық шағынан әдемі естеліктер шертті. Аяулы ағасының барлық шығармасы, газет қиындыларына дейін бүгінде үй кітапханасында мұқият сақтаулы екенін мақтанышпен тілге тиек етті. 

Медеу Сәрсеке – Семейдің Абыралы ауданынан. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Бірақ саналы ғұмырын жазуға арнаған тұлға. Мерзімді басылымдарда тілші де болған. Көркем шығармалар да, деректі повесть, очерктерді де өндірте жазған. Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болғанын да айта кету керек. Бұл бағытта «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «От және атом», «Жетінші толқын» атты әңгімелері жарық көрген. А.Беляевтің әйгілі «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударғаны тағы бар.

Негізгі мамандығынан да алыс кетпеген десек те болады. Себебі, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың өмірін тыңғылықты зерттеп, нәтижесінде нақты дерек-дәйекке құрылған ғұмырнамалық «Сәтбаев» кітабы жарық көреді. Өзі туып өскен өңірдің адамзатқа тигізген зардабын бейнелеген «Семей қасіреті» кітабы да бұл күнде еліміздің барлық кітапханасының сөресінен табылады. Оның бірнеше туындысы «Тамаша адамдардың өмірі» («ЖЗЛ») сериясынан басылып шыққаны да отандық әдебиетке қосылған үлкен үлес екені сөзсіз.

«Медеу Сәрсеке – парасат пен қалам иесі» деген тақырыпта өткен әдеби-танымдық кеште дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман да сөз алып, тұлғаның шығармашылығымен жақсы таныс екенін, қаламгердің туындылары әлі талай буынға үлгі болатынын тілге тиек етіп, меймандарға, жастарға ән шырқап берді. Ал Алматыда қолға алынған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Медеу Сәрсекенің «Сәтбаев» кітабын оқып, талқылап, зерделеген №15 гимназияның 10 «ә» сыныбы оқушылары әйгілі шығармадан үзінділер оқыды. 

«Ұлы Абай, Шәкәрім бабамыз, Мұхтар Әуезовтей қаламгер дүниеге келген өңірде туған Медеу ағамыз төңірегінде жүрген адамдарға түгел жақсылық жасап жүретін адам еді. Демалысында туған жерге баруға жиналғанда әке-шешесі «Медеужан келе жатыр екен» деп жеке киіз үй тігіп қоятын болған. Ағамыз соның ішінде жатып шығармаларын жазатын болған деседі. Әжелеріміз солай айтып отыратын. Қазақ кен-металлургия институтын бітіріп, зауыттарда жұмыс істеп жүріп, «Көмбе», «Жаңғырық» романдарын, «Жеті жылдықтың жігіттері», «Қаз қайтқанда», «Айшықты мезет» деректі повестерін жазды. Сөйтіп өндіріс тақырыбына қалам тартқан алғашқы қаламгер атанды. Қазір байқап жүрген болсаңыздар, Алматыда 24 сағат, яғни күні-түні жұмыс істейтін кітапханалар ашылып жатыр. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Медеу ағамыз баспадан шыққан кітаптарын кітапханаларға өз қолымен әкеліп тапсырып жүретін. Жас буынның білімді, зерделі болғанын қалайтын. Медеу Сәрсекенің еңбегін ұмытуға болмайды. Осындай тұлғаның бейнесі жыл өткен сайын жарқырай түсері анық», – деді ақын Бауыржан Жақып.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #Медеу Сәрсеке #білім #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуе қалқаны: Алматы аспанын кімдер күзетіп тұр?

Бүгін 13:35

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Бүгін 12:24

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);